1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Козлова Елена Васильевна

Козлова Елена Васильевна, 1933-жылы туған. Қалалық мәдениет бөлімі кітапханаларында 1968-жылдан 1992-жылға дейін қызмет етті. Соңғы жылдары қалалық бұқаралық № 4 кітапхана-бөлімшесін басқарды. Бұл кітапхана-бөлімшесі Октябрь, Гагарин бульвары шағын аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетті және осы бағыттағы үздік кітапханалар қатарынан көрінді. Негізінен бұл мәдени-ағарту училищесінің базалық кітапханасы болды. Сондықтан, болашақ кітапханашы-студенттер осы кітапханада іс тәжірибесінен өтті. Оқырмандармен жұмыс істеудегі алғашқы озық әдістер мен үлгілер алғаш осы кітапхана жұмысына енгізілді. 
Елена Васильевна қызмет барысында училищенің ұжымымен тығыз қарым-қатынас орната білді. Жас кітапханашылардың басымы Елена Козлованың алдынан өтті деуге болады. Олар Елена Васильевнаны тамаша тәлімгер, қайырымды адам ретінде естерінде сақтайтыны анық.

Красовская Лия Казимировна

Красовская Лия Казимировна, 1938-жылы туған. Кітапханалар жүйесінде 1962-жылдың қазан айынан бастап, 1993-жылдың қазан айына дейін 31 жыл қызмет істеді. Осы уақыт аралығында 1980-жылдан бастап №7 балалар кітапханасының меңгерушісі болды. Ал, Орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесі құрылған соң Орталық балалар кітапханасының бірыңғай кітап қоры ұйымы бөлімін басқарды. 1985-жылы екі жүйе біріктірілгеннен кейін жинақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, осы қызметтен зейнеткерлік демалысқа шықты.
Кітапхана-бөлімшелерінің кітап қорын жинақтау және жүйелеу жұмысына Лия Казимировна үлкен үлес қосты. Ол әріптестерінің арасында білікті басшы және қайырымды жан, жас кітапханашылардың кәсіби тәлімгері ретінде құрметке бөленді. 1993-жылы зейнеткерлікке шыққан соң да осы әдет, қасиеттерінен айнымай, қолынан келген көмегін әріптестерінен аямады. ОКЖ ардагерлер ұйымы жұмысының қоғамдық жұмыстарына да белсене араласты. 1986-жылы осынау абыройлы еңбек жолы ақталып, «Еңбек ардагері» медалімен құрметтелді.

Ларина Валентина Ивановна

Ларина Валентина Ивановна, 1948-жылы туған. А.П Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасында жеті жылға жуық әдіскер болып қызмет істеді. 1980-жылы желтоқсан айында Орталық балалар кітапханасының әдістемелік бөліміне меңгеруші болады. Арада 3 жылдан кейін 1983-жылдың маусым айында орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесіне директор болып тағайындалады. Ал, балалардың ОКЖ мен бұқаралық кітапханалардың ОКЖ бірыңғай жүйеге біріктірілгеннен кейін 1985-жылы мамыр айында осы жүйенің директоры болып тағайындалады. Алғашқы жылдар шешуін күткен әкімшілік мәселелер өте көп болды. Білікті ұжым жинау, ОКЖ-нің штаттық кестесі мен құрылымын жасау, оларды Мәдениет министрлігінде бекіту сияқты міндеттерді орындау жолында көп күш, жігер жұмсалды. Сондай-ақ, шаруашылық мәселелер де шаш-етектен болды. Яғни, кітапханалардың жеке ғимараттары болмады, балалар кітапханалары мектептерде, ал ересектерге арналған кітапханалар мекемелер мен ұйымдарда орналасты. Олардың жағдайлары да мәз болмады. Орналасқан үйлерін пешпен жылытып, жөндеу жұмыстарын өздері жүргізді. Тіпті, қысқы отынды да өздері дайындайтын еді. Алғашқы жылдарда штат кестесінде шаруашылық меңгерушісі мен мамандарының болмауы да көп қиындықтар тудырды. Мамандар және шаруашылық жөніндегі мәселелерді шешу, бұйырықтарды жазу да директордың міндетіне кірді. Кейіннен Меновной ауылдық кеңесінің 5 ауылдық кітапханасы, облыстық жасөспірімдер кітапханасы және ҮМЗ кәсіподақ кітапханасы ОКЖ-нің құрамына енгізілді. Өкінішке қарай, арада біраз жылдардан кейін ең ауыр кезең «оңтайландыруды» бастан кешуге тура келді. Енді қалыптасып келе жатқан кітапханалар  мен мамандар санын қысқарту басталды. Валентина Ивановна басшы ретінде кітапхана қорын, тәжірибелі кітапханашыларды сақтап қалуға барын салды. Өкінішке қарай, қайта құрудың кесірінен 2000-жылға қарай 33 кітапхананың небәрі 12-сі ғана қысқартудан аман қалды. Оңтайландыру кезеңіндегі барлық қиындықтарды кітапхана ұжымдары өз мойындарымен көтерді деуге болады. Көшу кезінде кітап қорын өздері жинақтап, көлікке тиеп, одан көшіп келген жерлеріне қайта өздері түсіріп, өздері жайғап барлық ауырлыққа төзе білді. Аумалы-төкпелі бұл кезеңде озық жұмыс түрлерін енгізу, кітапханаларды автоматтандыру, шығармашылық жұмыстар, шаралар өткізу жайына қалды деуге болады. Бұл жылдары кітапханаларды қаржыландыру  мәселесі де шешусіз қалды. Жөндеу жұмыстарына, кітап қорын толықтыруға ақша мүлдем бөлінбеді. Бірақ, бұл қиындықтар кітапханашыларды мойыта алмады. Олар бұрынғыдай оқырмандарға адал көңілмен қызмет көрсетуді жалғастыра білді. Бұқаралық шаралар өткізуді белсенді түрде қайта қолға алды.  Қаладағы мекеме, ұйымдармен серіктестік қарым-қатынасты жолға қойды. Сөйтіп, жаңа талаптарға орай бейімделіп, жаңаша түрде қызмет көрсетуді бастады. Мақсатты бағдарламалар мен жобалар жазуды үйреніп, алғашқы гранттарға да ие болды. Жұмыс жүйесіне компьютер енгізіп, халыққа ақылы қызмет түрлерін көрсетуді жолға қойды. Ал, кітапты толықтыру үшін жергілікті бюджет 2000-жылы ғана алғашқы  рет қаржы бөлді. 2001-жылы ақпан айында В. И Ларина директордың орынбасары қызметіне ауыстырылды. Бұл міндетін атқара жүріп, ол барлық оқып-тоқыған іс тәжірибелерін ОКЖ-нің жаңа басшысына жеткізіп, ұжымның озық дәстүрлерін сақтап қалуға дәнекер болды. Өз қызмет міндеттерін орындау барысында шындық пен тәртіпті, өз мамандығына деген мақтанышты бағыт еткен басшы 2006-жылы үлкен бедел, абыроймен зейнеткерлікке шықты. Алайда өзінің сүйікті ұжымынан қол үзген жоқ. Екі мәрте қалалық мәдениет бөлімі ардагерлер ұйымының төрайымы, кейіннен төрайымның орынбасары болды. Бұл күндері қалалық ардагерлер кеңесі мәдени-бұқаралық бөлімінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуда.

Ляпунова Валентина Георгиевна

Ляпунова Валентина Георгиевна, 1940-жылы туған. 1982-жылы Орталық балалар кітапханасында библиограф болып еңбек жолын бастады. 1985-жылы директордың балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. Ал, 1996-жылы қаңтар айында ОКЖ-нің қайта құрылуына және штаттық кестенің өзгеруіне  байланысты Орталық балалар кітапханасына меңгерушісі болып ауыстырылады. Осы жылдың мамыр айында Орталық кітапхананың әдістемелік-библиография бөліміне балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер болып жұмысын жалғастырды. Ол қызметінде жүріп балалар кітапханасының жұмысын дамытуға, жас оқырмандарға қызмет көрсету үдерісіне жаңаша озық әдістер мен түрлер енгізді.  Валентина Георгиевнаның кітапхана ұжымының ынтымақты және табысты жұмысына қосқан үлесі орасан. В. Г. Ляпунова 1996-жылы зейнеткерлікке шықты.

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.