1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


ОКЖ зейнеткерлері

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Өскеменде 1980-жылдың соңына қарай ашылды. Алғашқы жылы қалалық мәдениет бөлімінің жанынан орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесі және орталықтандырылған бұқаралық кітапханалар жүйесі құрылды. Ал, 1985-жылы екі кітапхана орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып біріктірілді. Жүйе құрамындағы  кәсіби, тәжірибелі кітапханашылар халыққа қалтқысыз қызмет етуді енді екі еселенген міндетпен жалғастырды. Есімдерін бүгінгі таңда марапатты мақтанышпен атап айтуға болатын кітапхана ісінің майталмандары мыналар: Бердалина Күлбану Нұрғазықызы, Құсманова  Бақытжамал, Толкачева Ольга Яковлевна, Жакижанова Зейнеп, Бугаева Валентина Сергеевна, Оразаева Күлзия, Красовская Лия Казимировна, Шмителько Нина Евгеньевна, Албаева Дәмелі Ысқаққызы, Минисова Алма Бектұрғанқызы, Горбачева Нинель Романовна, Пестерева Августина Ивановна, Козлова Елена Васильевна тағы басқалар.

Акласова Галина Егоровна

Акласова Галина Егоровна, 1952-жылы туған. Галина Акласова кітапханашылық қызметін 1977-жылдың қазан айында қалалық кітапханада бастады. 1980-жылы желтоқсан айында жұмыстан шығып, 1981-жылы мамыр айында қызметіне қайта оралды. Осы жылы, шілде айында Орталық қалалық кітапханаға ауыстырылып, 1983-жылға дейін қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеп жүріп, тағы да жұмыстан қайта шығады. 2002-жылы, мамыр айында Орталық қалалық кітапханаға қайта оралып, оқу залында 2010-жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін табан аудармай қызмет істеді. Осы жылдар аралығында ол болмысындағы жақсы қасиеттерімен ғана көріне біліп, көпшіліктің арасында құрметке бөленді. Өз ісіне адал, кәсібіне құрметпен қарайтын және қауымға қалтқысыз қызмет еткен кітапханашыны оқырмандары да құрметтеді. Соған орай Галина Егоровна да олардың сұраныстарын қалт жібермей, уақытында орындауға бар біліктілігін аямайтын. Сауатты, білгір маманды зейнеткерлерге арналған «Үлбі» дәрігерлік-әлеуметтік орталығы және орта мектептер де түрлі шаралар ұйымдастыруға жиі шақырып тұрды. Ал, кітапханашы әрбір ұсынысты жоғары сапада орындауға бар күш-жігерін жұмсаудан аянбады, жалықпады.

Алалыкина Валентина Степановна

Алалыкина Валентина Степановна, 1936-жылы туған. 
Ұзақ жылдар бойы А. П. Гайдар атындағы балалар кітапханасында абыройлы қызмет етті. Ал, 1977-жылы отбасы жағдайына байланысты №8 қалалық балалар кітапханасының оқу залына ауысты. Облыстағы алдыңғы қатарлы кітапханаға ауысқаны Валентина Степановнаның  жұмысына жаңаша серпін берді. Ол қызмет көрсету барысында жас оқырмандармен жұмыс істеу және балалар әдебиетін насихаттау үрдісіне жаңа әдістер мен түрлер енгізу барысында өз үлесін қосты. Валентина Степановнаның өткізген іс-шаралары қашанда жаңаша қызықтарға толы болды. Ол түрлі тақырыптардағы кездесу, әңгімелер арқылы  балаларды кітапханаға тарта білді. Олардың ой, санасын арттыруда сан алуан әдістерді тапқыр қолдана алды. Сондықтан да жас оқырмандар Валентина Степановнаның кітапханалық сабақтарына, шолулары мен әңгімелесулеріне, әдеби таңертеңгіліктері мен кештеріне аса ықыласпен қатысты. Жастармен жұмыс істеу шеберін шағын аудан мектептері мен балабақшалар да бірлесе шаралар өткізуге жиі шақырып тұрды.
Осындай жан-жақты кітапханашы балалар кітапханасында 1993-жылға дейін қызмет істеді. Тіпті зейнеткерлікке шықса да кітапханадан қол үзгісі келмегендіктен № 2 кітапхана-бөлімшесінде киім қабылдаушы болып 2003-жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді.

Албаева Дәмелі Ысқаққызы

Албаева Дәмелі Ысқаққызы, 1937-жылы туған. 1969-жылы қалалық мәдениет бөліміне жұмысқа орналасты. Қызметтегі алғашқы қадамын қаланың Сол жағалауында орналасқан кітапханашылықтан бастады. Ал, 1978-жылы осы кітапхананың меңгерушісі болып тағайындалды. Үлкен-кішіге бірдей қызмет көрсететін кітап ошағы қаланың шет жағында орналасқан еді. 1980-жылдары кітапханалар өндіріске жаппай жәрдем көрсетуге жұмылдырылды. Бұл мақсат үддесінде кітапхана Сол жағалау элеваторы мен нан комбинатының еңбеккерлері мен мамандарына айрықша көңіл бөліп,  ерекше қызмет көрсетті. Дәмелі Ысқаққызының басшылығындағы кітапхана ОКЖ-дегі үздіктердің қатарына кірді. Дәмелі Ысқаққызы № 6 орта мектептің ұстаздар қауымымен де тығыз қарым-қатынаста болды. Шағын ауданның тұрғындары да мәдени-ағарту жұмысын белсене жүргізгені үшін кітапхана қызметкерін құрметтеп, сыйлады.
Ы. Д Албаева 1993-жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.