1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Кітапхана-бөлімшелері

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі » КММ-сі құрамына 14 кітапхана-бөлімшесін біріктіріп, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі болып отырған мекеме. Кітапхана ұжымдарының басты мақсаттары- жан-жақты кәсіби шеберліктері мен біліктіліктері арқылы пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету. Яғни, әдебиеттермен танысулары үшін оқырмандарға барлық жағдайларды жасау, қажетті ақпараттарымен қамтамасыз етіп, сұраныстарын орындау. Кітапхана өз қорларын көпшілікке уақытша пайдалану үшін оқу залдарында, абонементтерде, ішкі жүйеде айырбастау арқылы ұсынады. Сонымен бірге, ақпараттық-анықтамалық қызмет те көрсетеді. Түрлі тақырыптарда шаралар өткізіп, қызметке жаңа технология түрлерін енгізеді. Жүйенің барлық кітапхана-бөлімшелерінің пайдаланушылары әлемдік ақпарат кеңістігіне кіру, сондай-ақ электрондық мәліметтер мен құқықтық жүйе қызметін пайдалану мүмкіндігі бар. Кітап қорлары, электрондық қорлар, кітапхана залдарының жайлылығы, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі пайдаланушылардың сан түрлі талап-сұраныстарын толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кітапханаларда ақпарат алумен бірге ортамен қарым-қатынас жасап, түрлі тақырыптардағы шараларға қатысуға және бос уақытты мән-мағыналы өткізуге де мүмкіндік мол. Сонымен бірге, кітапханалардың жанынан ашылған түрлі бағыттағы клубтардың мүшесі болып, болмысындағы дарын, қабілетін дамыта алады. Әрі сүйікті ісімен де шұғылдану мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, клуб пен кітапхана шараларына қатысу арқылы тамаша адамдармен жүздесіп, рухани танымдарын дамытады.

1 Орталық қалалық кітапхана 7255
2 Орталық балалар кітапханасы 8056
3 №1 кітапхана-бөлімшесі 7011
4 № 2 кітапхана-бөлімшесі 1637
5 № 3 кітапхана-бөлімшесі 4964
6 № 4 кітапхана-бөлімшесі 5535
7 № 5 кітапхана-бөлімшесі 5294
8 № 6 кітапхана-бөлімшесі 5915
9 № 7 кітапхана-бөлімшесі 5412
10 № 8 кітапхана-бөлімшесі 5335
11 № 9 кітапхана-бөлімшесі 5205
12 № 10 кітапхана-бөлімшесі 5088
13 № 11 кітапхана-бөлімшесі 5169
14 № 12 кітапхана-бөлімшесі 4836

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.