1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Английский язык

 

Ересектерге және балаларға ағылшын тілін үйрету:
- ағылшын тілін үйренуді  жаңа бастағандар үшін;
- үй тапсырмаларын орындауға көмектесу.
Ағылшын тілін жыл бойы үйренуден жалықтыңыз ба? Олай болса, бізге келіңіз!
Біздің мекенжайымыз:
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Анықтама телефоны: 25-17-70.
Телефон бойынша жазылу: +7(708)1064381.

Қорларында құжаттарды электрондық...

Біздің кітапханалар қорларында құжаттарды электрондық жеткізу қызметі бар. Сізге қажетті мәліметтің (кітапты, газеттердегі, журналдардағы) көшірмесін жедел түрде жеткізіп беру қызметін ұсынады. Тапсырыс беріңіз, біз қуана орындаймыз! Тапсырыстың орындалу мерзімі 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Үлгісі - PDF (Acrobat). Көшірме электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Орталық қалалық кітапхананың Электрондық қорлар бөлімі. 
Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22.
Телефон бойынша жазылу: 25-17-70.

Одна страна – одна книга


«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы - 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - ақын-демократ, пәлсапашы, әдеби сыншы, публицист, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі.

«РЖЭК» МҚ

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біліми және ғылыми электрондық қорларын біріктірген Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананы 2017 жылдан бастап тегін пайдалануға  мүмкіндік туды.
Жоғары оқу орындары аралық электрондық қорлар сайтынан қалағандарыңызды авторы, тақырыбы, маңызды сөзі, оқу тәртібі және басқа да іздеу белгілері арқылы таба аласыздар. Ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.
Бұл мәліметтер қорын Орталық қалалық кітапхананың және  кітапхана-бөлімшелерінің компьютерлерінде ғана пайдалана аласыздар.

0123


Өскемен қаласының оқиғалар жылнамасы

Оқиғалар жылнамасы  «Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтынан» алынды.

 

1720 ж.

И.М. Лихаревтің экспедициясы мамыр айында Ертіс  бойымен  Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Үлбінің Ертіске құяр сағасынан жаңа - Өскемен бекінісінің негізі қаланады. Ресей империясының картасынан Өскемен қамалы орын алады.

1882-1885 ж.ж.

Покров шіркеуі салынды.

1902 ж.

Мариин әйелдер училищесі тұрғызылды. Педагогикалық курс тыңдуашылары Халыққа білім беру қоғамының қаржысына оқыды.

1912 ж.

“Эхо” синематографы ашылды, ол кейіннен “Октябрь” кинотеатры аталды.

1917 ж.

Өскеменде қазан-қараша айларында большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.

1918 ж.

“ Усть-Каменогорская жизнь” газеті шықты.

1919 ж.

Күз айында жергілікті партизан отрядтары бірікті. Бірінші Алтай Қызыл қырандарының полкы құрылды. Полк командирі болып коммунист Никита Иванович Тимофеев тағайындалды.

1920 ж.

Кенді  Алтайда Кеңес үкіметі орнады.

1920 ж.

4 сәуір күні Халық Үйінде Өскемен қаласының жастары жиналды. Бұл Өскемендік комсомолдардың бірінші жиыны еді.

1924 ж.

Бірінші телефон желісі Қалалық комиссариат пен қалалық Кеңес арасына тартылды.

1925 ж.

Б-4 типті  бірінші радиоқабылдағыш құрылды.

1930 ж.

Семей қаласынан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде Қалалық телефон станциясы ұйымдастырылды. Бұл құрал-жабдықтар нөмір қоятын құралдан және 20 телефон аппаратынан тұрды.

1931 ж.

Рубцовка-Риддер темір-жолының құрылысы басталды. 1938 жылы бұл жол Кенді Алтайды Транссібір және Орта Азия магистралдарымен байланыстырды.

1934 ж.

Астық жинау науқанына орай республикамызға Сергей Киров келді. Ол үш күн Шығыс Қазақстанда болды. Осыған орай Большая көшесіне Киров есімі берілді. 1934 жылы Киров сөз сөйлеген көне ғимарат (бұрынғы облыстық Атқару комитеті) қазір тарихи ескерткіш болып саналады.

1935 ж.

Облысты аудандармен байланыстрып тұрған әуе жолы ашылды.

1936 ж.

Атеистік  саяси көзқарастың әсерімен Покров храмы құлатылды.Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.

1939 ж.

Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды. Өскемен су-электр станциясының құрылысы басталды.

1941 ж.

8 мамыры күні жол құрлысының екінші кезеңі басталды. Жол құрлысына соғыстың кедергісі көп болды, бірақ, құрлыс жалғаса берді және соғыстың бірінші жылы  аяқталды.

1942 ж.

Мыс өндіретін электролит зауытының құрылысы басталды.

1947 ж.

Мыс зауыты алғашқы металл өнімін берді.

1949 ж.

Қазан айында Үлбі металлургия зауыты өз өнімдерін шығара бастады.

1950 ж.

Металл кадмииін өндіру игерілді.

1950 ж.

түсті металдар ғылыми- зерттеу институтының Алтай филиалы құрылды - “Гинцветмет”- “ Алтайцветмет”. 1955 жылы Түсті металдардың Бүкілодақтық тау-кен институты деп қайта өзгертілді.( ВНИИцветмет)

1951 ж.

Өскемен қалалық пионерлер үйі облыстық деп өзгертілді.

1951 ж.

Өскемен мыс зауыты қорғасын-мырыш зауыты деп қайта аталды.

1952 ж,

Қорғасын зауыты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарынан орын алды.

1952 ж.

20 желтоқсан – ГЭС тұңғыш өндірістік ток қуатын берді.

1953 ж.

3 маусым- Өскемен су-электр станциясының тұңғыш шлюзы пайдалануға берілді. Маусым айында конденсатор зауытының құрлысы басталды.

1954 ж.

қаңтар айында  Защита-Зырян  темір жолы пайдалануға ұсынылды.

1955 ж.

Жаңа мыс зауыты іске қосылды. Өндіріске бүкіләлемдік стандартқа сәйкес метал өндіруге лайықты жаңа технология енгізілді.

1956 ж.

19 маусым - Өскемен жиһаз фабрикасы бірінші өнімін берді.

1957 ж

30 сәуір - Өскеменде Металлургтердің мәдениет сарайы ашылды.

1958 ж.

15 наурыз - Өскемен телеорталығы тұңғыш теле хабар ұйымдастырды, осыдан кейін телехабарлар үздіксіз жалғасын тапты.

1958 ж.

Өскемен құрлыс- жол институты ашылды.

1958 ж.

6 қараша - алаңда В.И.Ленинге ескерткіш тұрғызылды.

1958 ж.

Шығыс машина жасау зауытында болат қорытылды.

1959 ж.

Сәуір айында Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімін берді. ( 62 конденсатор шығарылды.)

1959 ж.

Өскемендік құрылысшылар қала халқына Байланыс Үйін сыйға тартты.

1960 ж.

19 сәуірде Өскемен су қоймасына су жіберілді.

1961 ж.

16 қазан күні Өскемен аспаптар зауыты тұңғыш өнімін шығарды.

1962 ж.

11 тамызда Өскемен Орталық мәдениет Үйі ашылды.

1962 ж.

10 қазан күні Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін берді.

1963 ж.

3 наурызда Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибе цехы титан губкасын өндірді.

1965 ж.

27 наурыз күні Өскемен титан – магний комбинаты толық пайдалануға ұсынылды.

1965 ж

12 қазан күні Өскемен аэропортына Өскемен-Алматы авиарейсін орындаған АН-24 лайнері қондырылды.

1965 ж.

6 қарашада “Юбилейный” кинотеатры ашылды.

1968 ж.

Өскемен қаласында керамзит зауытының құрлысы басталды.

1969 ж.

22 наурызда Өскеменде Спорт сарайы ашылды.(5100 орын).

1970 ж.

Шығысқазақстандықтардың Мәскеу, Алматы телехабарларын көруіне арналған магистралдық байланыс желісі пайдалануға берілді.

1970 ж.

9 тамыз күні Өскеменде Ертіс арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді.

1970 ж.

“Өскемен” қонақүйі пайдалануға берілді.

1970 ж.

Өскемен жібек- маталар фабрикасының негізі қаланды.

1973 ж.

Өскеменде екі аудан құрылды: Үлбі және Октябрь аудандары.

1974 ж.

Жаңа Согра поселкесінде бақша өнімдерін өндіретін арнаулы КПСС ХХІІІ сьезі атындағы совхоз құрылды.

1975 ж.

7 мамыр күні Өскемен қаласының Ертіс жағалауында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға ескерткіш қойылды.

1975 ж.

Өскемен мәдени-ағарту училищесі ашылды.

1979 ж.

Жібек – маталар комбинатының 500 тігін станогынан тұратын құрылысының үшінші кезеңі басталды.

1980 ж.

Шығыс Қазақстан аумағында қорықтар туралы шешім қабылданды:оған Күршім,Тарбағатай, Марқакөл,“Рахман көлі” қорықтары

1981 ж.

О.Бөкеевтің “Ән салады шағылдар” кітабы жарыққа шықты.енді.

1982 ж.

Өскемен қаласында Қазақстан композиторларының әндеріне арналған фестиваль өтті.

1986 ж.

Малеев кені пайдалануға берілді.

1989 ж.

Облыстық типография құрылысы аяқталды.

1994 ж.

Өскемен қаласындағы тұңғыш жекешелендірілген жоғары оқу орны Шығыс Гуманитарлық институтының негізі қаланды.

1996 ж.

70 жылдан кейін Троицк Храмы қызметін бастады.

1997 ж.

Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілді. Қыркүйек айында Краснооктябрьск көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Қазір М.Әуезов даңғылы деп аталады.

1998 ж.

Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.

1999 ж.

Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы болды.

 

 

 

 

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.