1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Тас таулар жотасындағы қала

1714 жылы Ресейдің патшасы І Петр Иркеть өзенінің жағасында «алтын құмдар» кені бар екендігі мәлім болады. Осылайша, 1715 жылы оның бұйрығы бойынша Тоыолдан Ертіске қарай жоғары шыққан И.Бухгольцтің қолбасшылығымен отряд жіберіледі. Көп кешікпей Ямышев бекінісі салынады, одан кейін сол жерде Семей қаласы қаланады. 1719 жылы І Петр Яркенд алтынының іздеу мақсатымен қайтадан жаңа отряд жібереді. 1720 жылдың мамыр айында майор И.М.Лихаревтің экспедициясы Ертіс бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Содан кейін Үлбінің Ертіске құяр сағасында Усть – Каменогорская немесе дәл осы жерде Ертіс тас тауларының жоталарынан қаулап шығатын және ары қарай өзін суларын жазыққа құйған. Бекініс ертіс желісінің шеткі оңтүстік тірелген жері болған. Ол үйінділермен қоршалған. Осы жерде сарбаздарға арналған казармалар, әскери госпиталь, әскери бастықтардың пәтерлері, әр түрлі қоймалар және каторга түрмесінің бөлімшесі (олар осы күнге дейін сақталған) салынған. Бекіністен тыс бірінші үйлер қамалардан жақын жерде қаланған. «Өскемен» сөзінің мәнін «тас тауларының жотасындағы саға» деп түсінуге болады; қазақша атауы «Өскемен» деп айтылады.

Қала құрылысы

І Петр дәуірінде тұрғызылған бұл қаланың өз заманына сәйкес келбеті және қала құрлысын дамыту жоспары болды.
1845 жылы бұрынғы бекіністің, яғни қала құрлысын одан әрі дамытудың негізгі жобасы бекітілді. Бұл жоба бойынша қала аумағының құрлысы солтүстік бағытта дамыды. Қала негізін шіркеулер мен дүкендер, көпшілік орындар қалады. Сауда алаңдары бұрынғы бейіттердің орнына орналасып жатты. Шөп, ағаш сататын алаңдар бұрынғы бейіттің орны (Орджоникидзе мен Ушанов көшелерінің қиылысқан жері) қазір қаланың негізгі алаңдарының біріне айналған. Бұрынғы мұсылмандар зиратының орнына бүгінгі күні Орталық базар орналасқан.
Жедел қарқынмен өсіп келе жатқан қала бос жатқан жерлерге қанатын кең жая бастады. Жол тораптары тармақталып, жер-жерлермен қарым-қатынас және байланыс дамыды. Жол бойындағы әсем табиғат көркімен көз тартады.
Қазіргі Бажов, Ворошилов көшелері және Ленин даңғылы бұрындары Семей қаласына апаратын жол болған. Ал, бұрынғы Бұқтырма бекінісінің орнында саябақтар мен алаңдар пайда болды. Осы тоғайлы алаңдардың негізінде Жамбыл атындағы саябақ ұйымдастырылған.

Қаланың дамуы

Қаланың экономикалық өрлеуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өтті. 1861 – 1913 жылдар аралығында қала халқының саны жер аударылғандардың есбінен бес есеге өсті (3334 тен – 17980 адамға). Қала негізінен солтүстік-шығыс аумақта дамыды. 1868 жылдан бастап Үлбі өзенінің оң жағалауында, Семейге апаратын жол бойында «Заречный хутор» аталатын елді мекен құрылды. 1859- 1917 жылдар аралығында қала аумағы 319 га-ны құрады, ал, басқа құрлыс аймағы 316 га болды.
Өткен ғасырдың 20 –жылдарында қала орталығы толығымен қаланды. Ертіс өзенінің сол жағалауымен байланыс бірнеше паром өткелдері арқылы жүзеге асты. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында солтүстік-батыс жағалауда алғашқы өнеркәсіптік аймақ пайда болды. Бұл жер темір жол арқылы Рубцовск-Риддерді басып өтетін және оны өзен кемежайымен байланыстыратын орын болды. Сол кезеңде маңызды обьктілер қатарындағы аэропорт және қорғасын-мырыш комбинатының құрлысы басталды. 1934 жылы Собор алаңы мен сауда алаңы саябаққа айналдырылды, ал, сауда қатарлары мен қоғамдық ғимараттар өз маңыздылығын жойды. 1936 жылы идеологиялық көзқарастың әсерімен Покров соборы алынды (1888). Жиырма жылдан кейін қаланың нағыз орталығына айналған қала орталығының тарихы осындай.
Екінші дүниежүзілік соғыстың Өскемен қаласының дамуына тікелей әсері болды. Қалаға эвакуацияланған кәсіпорындар мен босқындар эшелондары ағылды. Өзеннің сол жағалауындағы темір жол бойында өндіріс торабы мен жұмысшылар барағының поселкасы-«стройплощадка» бой көтерді. Сол сияқты, қала тұрғындары мен өнеркәсіп орындарының жақын орналасуы қала аумағында зор экологиялық ахуал туындатқан еді.
Соғыстан кейінгі жылдары қала халқы 7 есеге (1939 жылы 20 мың болса, 1939 жылы 150 мыңға дейін өсті) . Осыған орай, өзен жағалауындағы жүйесіз салынған құрлысты және қала құрлысын ретке келтіру қажеттілігі туындады.
1949 жылғы Өскемен қаласы құрлысының негізгі жоспары бұл мәселені түбегейлі шешті. Қала құрлысының жобасына сәйкес тұрғызылған «Б» кварталы кешенді түрде іске асырылған жобаның бірі. Оның құрлысы қаланың оң жағындағы орталықпен жанасып, жалғасып жатты. Құрлыс жобасын ленинградтық жобалаушылар жасады. Ленинград архитектуралық мектебінің қолтаңбасы — қала көшелері мен алаңдардан, көз тартар ғимараттардың фасадтарынан, саябақтар мен скверлердегі көкжелектің орналасуынан да байқалады. 50 жылдарда қалыптасқан жобалау мен құрлыс жұмыстары осы күнге дейін бастапқы қалпын сақтап қалған. Ықшам аудандардағы тұрғын үй жайларының негізін балалар бақшалары мен мектеп қалайды. Тұрғын үй, балалар мекемелері мен транспорт магистралінің арасындағы жол қауіпсіздіктері қарастырылған. Периметр бойынша орналасқан қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің астыңғы қабаттарында мәдени және тұрмыстық қамту обьектілері орналасқан.
60-80 жылдары қала екінші экономикалық өрлеуін өткерді, сонымен бірге құрлыс та дамыды (қала халқы 1959 жылғы 150 мыңнан 1980 жылы 280 мыңға өсті). Үлбі ауданының жедел дамуы себепті қаланың екі бөлігін коммуникативтік тұрғыда дамыту қажеттілігі туындады. 1957 жылы қаланың негізгі көшелерінің бірі Ленин даңғылының (бұрынғы Толстой көшесі) құрлысы басталды.

Көркейген Өскемен

30 жылдары қалада жаңа орталық алаңдар пайда бола бастады. Соның бірі - Металлургтер сарайының маңайы еді.
Осы кезеңде қала құрлысын ұйымдастыру жөнінде түрліше ұсыныстар пайда болды. Әсіресе қала орталығын, сонымен бірге Ленин ескерткішін орнату жөнінде жобалық ұсыныстар түсті.
40-60 жылдары ішкі резервтердің күшімен тарихи қалыптасқан құрлыс жаңартылып, қала өркендей бастады.
1967 жылы Ертіс өзенінің сол жағалауын игеру қолға алынды. Су тасқынына ұшырау қаупіне байланысты сол жақ жағалау құрлысын өзен алқабынан әрірек жерге тұрғызу көзделді. Бүгінгі күні сол жақ жағалау алқабындағы тұрғын үй құрлысы жобадағы көлемінің 15% алып жатыр.
Қаланың оң жағы мен сол жағын байланыстыратын автомобиль көлігі жүретін көпір салынды. Бұл көпір құрлысын Краснооктябрь көшесінің (қазіргі Әуезов даңғылы) жалғасы ретінде салу көзделген, бірақ мамандар құрлыстың арзан жағын қарастыра келе, қаражаттың басым бөлігін жалпы көлік жолдарының мәселесін шешуге бағыттаған. Ертіс және Үлбі көпірлерін өзара жалғастыру барысында — қаланың жаңа магистралі Жеңіс даңғылы пайда болды. Бұл кезеңде көптеген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік ғимараттар қайта жөндеуге немесе жаңа құрлыс орындарын салу үшін орындарынан алынды.
Ертіс және Үлбі көпірлері қаланың коммуникациялық байланысы үшін маңызды рөл атқарды. Бірақта қала ішіндегі көпірлердің көптігі және олардың конструкциялық ерекшеліктері жергілікті үкімет орындарының үнемі алаңдаушылығын туғызатын обьектілер болып табылады.
Қала құрлысындағы совет архитектурасының елеулі жетістіктерінің бірі — Ертіс жағалауы мен Үлбі өзендерінің түйіскен жеріндегі «Стрелка» тұрғын аумағы. Бұл тұрғын аумағында орта және көп қабатты әсем үйлер бой түзеген. Комфортабельді пәтерлер, жаяу және көлік жүретін жолдар, көк желекпен көмкерілген аулалар мен скверлер көз тартады.
Қазіргі уақытта қаланы көгалдандыру жұмысы қолға алынған. Қала орталығындағы тарихи орындар маңындағы қала саябақтары мен көк желекті скверлер; Ертіс пен Үлбі өзендерінің жасыл алқаптары нағыз дем алу орындарына айналған.
Ал, көне Согра 1745 жылы Колывано-Кузнецк бағытында қаланған. 1765 жылы кеден және сауда орталығы ретінде Меновное ауылы құрылды. 1725 жылы Ертіс өзенінің төменгі ағысынан бірнеше шақырым жерге «Защита хлебопахотная» станицасына казактар қоныс тепті. 1745 жылы станицаның өртеніп кетуіне байланысты казактар «Защита» хуторына және Сол жағалауға қоныстанады.
1901 жылы Ертісте өзен пароходы шаруашылығы ашылды. Кемежай өзен және теміржол транспортының негізгі торабына және жұмысшы поселкасының тұрағына айналды. ХХ ғасырдың 40- жылдарында қала маңында көптеген поселкалар (Октябрскь, Красина, Новая Гавань, Шмелев Лог) бой көтерді. Өскемен су-электр станциясының (ГЭС) құрлысы кезеңінде (40-50ж.ж.) Аблакетка поселкасы пайда болды. 50-60 жылдары қаланың батыс – шығысында жаңа өнеркәсіптік тармақ, жұмысшылардың жаңа ауданы – Жаңа Согра қаланды. 60-жылдары СССР мен Қытай Халық Республикасының арасындағы саяси жағдайлардың ұшығуына байланысты Ахмер ауылына таяу маңда әскери бөлім және Жаңа Ахмер әскери қалашығы құрылды.
70 жылдары халықаралық экономикалық жағдайларға байланысты СССР үкіметі Өскемен қаласында арматура заводының құрлысын бастау жөнінде шешім қабылдады.
Сол кезеңде жұмысшылар үшін салынған тұрғын ауданның бүгінгі күні үлкен қателік болғаны белгілі болып отыр.
80 жылдары қала үкіметі Ертістің сол жағалауына жекеменшік тұрғын үйлер құрлысын бастауға шешім қабылдайды (қазіргі Металлургтер поселкасы). Өткен ғасырдың 80 жылдарының соңына жыл сайын 150-180 мың шаршы метр тұрғын үй қаланып, өткізілген.
Ал, бүгінгі өскелең Өскеменнің келбеті назар аударарлық. Әрбір қала тұрғынының мақтанышына айналған облыс орталығы тазалық пен әсемдіктің, жаңалық пен заманауи нақыштың орталығына айналып, қазақилана түскен.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.