1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Английский язык

 

Ересектерге және балаларға ағылшын тілін үйрету:
- ағылшын тілін үйренуді  жаңа бастағандар үшін;
- үй тапсырмаларын орындауға көмектесу;
- халықаралық емтиханға дайындық; 
- ҰБТ/магистратураға дайындық.
Ағылшын тілін жыл бойы үйренуден жалықтыңыз ба? Олай болса, бізге келіңіз!
Біздің мекенжайымыз:
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Анықтама телефоны: 25-17-70.
Телефон бойынша жазылу: +7(708)1064381.

Қорларында құжаттарды электрондық...

Біздің кітапханалар қорларында құжаттарды электрондық жеткізу қызметі бар. Сізге қажетті мәліметтің (кітапты, газеттердегі, журналдардағы) көшірмесін жедел түрде жеткізіп беру қызметін ұсынады. Тапсырыс беріңіз, біз қуана орындаймыз! Тапсырыстың орындалу мерзімі 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Үлгісі - PDF (Acrobat). Көшірме электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Орталық қалалық кітапхананың Электрондық қорлар бөлімі. 
Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22.
Телефон бойынша жазылу: 25-17-70.

Одна страна – одна книга


«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы - 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - ақын-демократ, пәлсапашы, әдеби сыншы, публицист, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі.

«РЖЭК» МҚ

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біліми және ғылыми электрондық қорларын біріктірген Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананы 2017 жылдан бастап тегін пайдалануға  мүмкіндік туды.
Жоғары оқу орындары аралық электрондық қорлар сайтынан қалағандарыңызды авторы, тақырыбы, маңызды сөзі, оқу тәртібі және басқа да іздеу белгілері арқылы таба аласыздар. Ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.
Бұл мәліметтер қорын Орталық қалалық кітапхананың және  кітапхана-бөлімшелерінің компьютерлерінде ғана пайдалана аласыздар.

0123


№ 2 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

Өскемен қаласы әкімдігінің «ОКЖ» КММ №2 кітапхана - бөлімшесі жүйелі жұмыс істеп келе жатқан құрылымдардың бірі. Кітапхананың басты бағыты жұртшылықтың сұранысына орай жедел және толыққанды ақпараттық – анықтамалық қызмет көрсету. Бұл мақсатқа жету жаңа жұмыс түрлері мен тәсілдерін енгізу, жеке ақпарат қорларын құру, кітапханалық үрдістерді компьютерлендіру және электрондық сервистердің пайдаланушыларға қолжетімді болуын ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асырылатыны белгілі.

Бұл орайдағы кітап құрылымы қанағаттанарлық деңгейде деуге болады. Атап айтқанда: ересектер абонементі, балалар абонементі, оқу залы,  интернет - сыныптар оқырмандарға қызмет көрсетеді. Сонымен бірге, кітапханада келушілер кітап оқу үшін жайлы орын, анықтамалық әдебиеттер алаңы, мерзімдік басылымдар алаңы, балалар бұрышы, ойын бұрышы және интернет - сыныптар ұйымдастырылған.

Кітапхана жыл сайын 7 000 - нан аса адамға қызмет көрстеді. Кітапханаға келушілер: орта мектептердің оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, қызметкерлер, кәсіпкерлер, зейнеткерлер т.б. Оқырмандармен жұмыс сараланған жүйеде жүзеге асырылады.

Кітапхананың кітап қоры - 43800 басылым. Қор жаңа әдебиеттермен ұдайы толықтырылып отырады. Сонымен бірге, 100 - ден аса атаулы мерзімдік басылым түрлері бар.

Бөлімше заманауи компьютер түрлерімен және көшірме жасайтын техникамен, теледидармен, DVD-мен жабдықталған. Пайдаланушыларға түрлі тақырыптардарда бейнеөнімдер, электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, анықтамалар және мәлімет қорларын ұсынады.

Кітапхана мекемелермен және шағын ауданның оқу орындарымен, атап айтқанда № 7 орта мектеппен, № 15 орта мектеппен, «КВАНСОН» колледжімен, ҚАЕУ,  № 8 ӨӨБК, «Шаһар» ЖШС тығыз қарым - қатынаста жұмыс істейді.

Жұртшылық кітапханаға ақпарат алумен бірге ортамен араласып, қарым - қатынас жасау үшін де келеді. Кітапхана жанынан құрылған «Отрада» бау - бақша әуесқойлары клубының жұмыс істеп келе жатқанына да бірнеше жыл болды. Ал, «Балауса» балалар клубы жас буынның дарындарын  ашып, шығармашылықтарын шыңдау бағытында жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Кітапхана қызметкерлері мәдени - ағарту  шараларын кәсіби шығармашылықпен ұйымдастырып, өткізуді өздерінің басты міндеттерінің бірі деп санайды және осы орайда тынбай ізденеді.

Қызметтері

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Балдырған» клубы;
  • Бау-бақша әуесқойларына арналған «Отрада» клубы.

Фотомұрағат

 

 

 

 

 

Жұмыс кестесі

Сейсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Дүйсенбі - демалыс
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы және мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ.,  Гагарин Б. 24

Телефоны: 8 (7232) 78-20-77

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.