1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№ 12 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

№12 кітапхана-бөлімшесінің мақсаты - Новоявленка мен Шығыс ауылының жұртшылығын ақпараттармен қамтамасыз ету. Бөлімшенің  1775 тұрақты оқырманы бар. Қорында 5050 электронды және баспа басылымдары жинақталған. Ай сайын 43 түрлі жаңа газеттер пен журналдар алып тұрады. 
Кітапхана-бөлімшесі аясында онлайн-орталықтың ашылуы жағымды жаңалықтардың бірі болды. Бұл «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және аймақтық жоспарлауға жаңашыл тәсілдер енгізу арқылы аймақтың бәсекелестігін жоғарылату» БҰҰ бағдарламасы аясында «Кәсіпкерлікті қолдау онлайн-орталығы» жобасын жүзеге асыру арқылы қол жеткен мүмкіндік болды. Жоба қазіргі кезде қалалық мәдениет бөлімімен, жастар ісі жөніндегі облыстық басқарманың  қамқорлығында. 
Онлайн – орталықтың негізгі мақсаты - қашықтағы күн тәртібінде жұртшылықтың әлеуметтік және экономикалық белсенділігін біріктіру. Жергілікті тұрғындарға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған  топтарға, ауыл кәсіпкерлеріне компьютерлік сыныпты және интернет жүйесін қолжетімді ету. 
«Еңлік» жасөспірімдер клубымен, № 33 орта мектеппен және «Нұршуақ» балабақшасы ұжымымен кітапхана тығыз қарым – қатынаста жұмыс істейді. 
Кітапханада қажетті ақпараттарды алумен бірге, бос уақытты тиімді  өткізуге болады. Бөлімшеде «Болашақ»танымдық балалар клубы  жұмысын бастады.

Услуги

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Болашақ» клубы.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі: 09.00 - 17-00
Жексенбі -  демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы және мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ., Новоявленка, Садовая к., 15

Телефоны: 8 (7232) 49-23-25

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек ; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.