1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№ 3 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

«Промбаза» шағын ауданында орналасқан №3 бөлімшенің мақсаты әрбір кітапханаға келуші адамдарды ақпараттармен қамтамасыз ету, ой-танымдарын дамытып, шығармашылық қарым - қатынас үшін жайлы жағдай жасау, білім саласы бойынша барлық сұраныстарын қанағаттандыру.   
Кітапхана - мәдени және бос уақытты мағыналы өткізу орталығы. Бұл бағытта бөлімше барлық жастағы және барлық санаттағы адамдармен жұмыс істеп, қызмет көрсетеді.
Әр жыл сайын кітапханаға 1500-ге жуық адам келеді. Кітап қорында 13000-нан аса басылым – анықтамалық әдебиет, ғылыми кітаптар, балаларға арналған кітаптар,  жалпы білім салаларына арналған еңбектер және көркем әдебиеттер бар. Сонымен бірге, Интернет пен компьютерлер, көшірме шығаратын техника қызмет көрсетеді. 
Оқу залында жас буын үшін «Ойын арқылы оқып, білеміз» атты арнайы бұрыш жабдықталған. Бұл жерде балалар компьютер сауаттылығын жетілдіріп, «Көңілді сабақтар» - «Веселые уроки»,  «Нескучная математика» - «Көңілсіз емес математика», «Кузя және білім бәйтерегі» «Кузя и дерево познаний» сияқты және т.б түрлі танымдық ойындар ойнайды. 
Кітапхана қызметкерлері «Эллада» балалар және жасөспірімдер клубымен бірлесіп түрлі тақырыптарда кештер, байқаулар, викториналар және мерекелер өткізеді. Сонымен бірге, балаларға арналған «Мастерилка» шығармашылық клубы да жұмыс істейді.

Қызметтері

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: «Электронды кітаптар»«Аудиокітаптар»«Рефераттар»«Презентациялар» және т.б.  МҚ;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Мастерилка» клубы.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі: 09.00 - 17-00
Жексенбі - демалыс
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.