1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


№ 11 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

№11 кітапхана-бөлімшесі Защита шағын ауданынының тұрғындарына, зейнеткерлер мен балаларға қызмет көрсетеді. Бөлімше жұмысының басты міндеті - әмбебеп кітап қорын құру және аудан тұрғындарына кітапханалық, ақпараттық – библиографиялық толыққанды, жедел қызмет көрсету.   
Тұрақты оқырмандар саны - 2 650.
Кітапхана қызметкерлері кітапханадан тыс қызмет көрсететін мекемелер: 
- Хоспис ( «Жандаурен» ЖШС); 
- «№ 2 мектеп-гимназия-балабақша кешені» КММ балабақшасы;
- Тәжірибе алаңы ауданындағы орта мектеп (шағын орталық).
Бөлімшенің кітап қорында – 12 280 басылым бар. Сонымен бірге, жыл сайын 70 атаулы газеттер мен журналдарға жазылып тұрады. Пайдаланушыларға электрондық тасымалдаушылардағы ақпараттарды, толық мәтінді мәліметтер қорын, Интернет қорлары мен Wi-Fi қызметтерін ұсынады.
Кітаптарды таныстыру, кітап оқуға тарту, ақпарат мәдениетін қалыптастыру, бос уақытты тиімді өткізу және білім салаларын таныстыру мақсатында шаралар өткізу кітапхананың басты бағыттары болып табылады. Бұл бағыттар бойынша кітап көрмелері, әңгімелесулер, түрлі байқаулар, ойын түріндегі шаралар, музыкалық және қойылымдық көрсетілімдер, жазғы бейнесалон ұйымдастырылып тұрады. Балалар үшін   «Шебер қолдардан - тамаша бұйымдар» - «Чудо ручки – чудо штучки» атты шығармашылық шеберханасы, «Өзіңді-өзің таны» психолог клубы және кішкентай оқырмандарға арналған «Балақай»» бұрышы жұмыс істейді.


Қызметтер

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Бәйтерек» клубы.

Жұмыс кестесі

Сейсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Дүйсенбі - демалыс
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы және мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ.,  Косарев көшесі, 34

Телефоны: 8 (7232) 50-03-32

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек ; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.