1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№ 8 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

№ 8 кітапхана-бөлімшесі ақпарат сақтайтын орын болумен бірге осы қазынаны халыққа ұсынып, қызмет көрсететін руханият орталығы. Кітапханада жұмыстарды жүзеге асыру барысында дәстүрлі  және заманауи технология түрлерін, құжат қорларын, түрлі ақпарат тасымалдаушыларды, толық мәтінді мәліметтер қорын және интернет қорларды пайдаланады.
Бөлімшенің жалпы қоры - 14480 басылым. Жыл сайынғы тұрақты оқырмандары – оқушылар, әр сала мамандары, зейнеткерлер.
Шағын аудандағы білім және мәдениет мекемелерімен ақпараттық - ағарту жұмыстарын жүргізіп, оқырмандардың бос уақыттарын мағыналы өткізу мақсатында түрлі тақырыптарда шығармашылық кештерін өткізеді.
Бірқатар жылдардан бері «Гармония» қыз - келіншектер клубы да игілікті істер атқарып келеді. Қызықты шаралар барысына «Өркен» балалар клубы да ұдайы қатысады.

Қызметтері

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi  пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Гармония» клубы;
  • «Өркен» клубы.

 

Жұмыс кестесі

Сейсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Дүйсенбі - демалыс
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы және мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ., Егоров к., 12

Телефоны: 8 (7232) 21-51-82

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.