1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№ 7 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

«Прохладный» шағын ауданындағы № 7 кітапхана - бөлімшесі ақпарат және бос уақытты тиімді өткізу орталығы болып саналады. Кітапхана әр жыл сайын 4000 - ға жуық адамға қызмет көрсетеді. Тұрақты оқырмандары «Әуежай», «Кірпішзауыты», «Прохладный» аудандарының тұрғындары. Сонымен бірге, бұл бөлімшеге мектепке дейінгі балалар, оқушылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, мұғалімдер және зейнеткерлер келеді. Кітапхананың құрылымдық бөлімдері: балалар және ересектер  абонементі, оқу залы және интернет-сынып.
Бөлімшенің -14058 басылым жинақталған бай кітап қоры бар. Әр оқырман заманауи ақпараттық  технологияның көмегімен сандық ақпарат тасымалдаушыларды, Интернет-қорларды және т.б құрал - жабдықтарды пайдалана отырып қажеттіліктеріне қол жеткізе алады. 
Кітапхананың басты мақсаты шағын аудан жұртшылығын түрлі ақпараттармен, біліммен және басқа да мәдени құндылықтармен қамтамасыз ету, бос уақыттарының мағыналы өтуіне ықпал жасау.
Бөлімше № 27 орта мектеп ұжымымен, «Кедр» және «Импульс-Авиа» аула клубтарымен, № 7 ОДА – мен,  № 10 ӨӨБК-мен ынтымақтаса жұмыс істейді. 
№ 7 кітапхана - бөлімшесінің оқырмандары түрлі ақпараттар алып, білімдерін жетілдірумен бірге бос уақыттарын мән - мағыналы өткізуге де мүмкіндіктері бар. Бұл орайда кітапхана жанына ашылған «Атамұра» партиоттық клубы мен «Сударушки»  клубының жүзеге асырып келе жатқан жұмыстары да  жемісті.

Қызметтері

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi  пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Сударушки» клубы;
  • «Атамұра» клубы.

Жұмыс кестесі

Сейсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Дүйсенбі - демалыс
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы мен мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ., Бажов к., 343/3

Телефоны: 8 (7232) 54-26-93

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.