1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


№ 6 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

№ 6 кітапхана - бөлімшесі «Аблакет» шағын ауданындағы  ақпараттық мәдени орталық деуге болады. Әр жыл сайын мұнда  2000 - ға жуық тұрақты оқырмандары келеді. Олар: балалар, ата-аналар, жастар. Сонымен бірге, еңбеккерлер, қызметкерлер мен зейнеткерлер ақпараттар  мен кітап алуға, мерзімдік басылымдар оқуға келеді.
Кітапхана қорында  13 000 - нан аса басылым бар. Олар: анықтамалық, ғылыми, біліми кітаптар және көркем әдебиеттер, аудио – бейнежазбалар, және электрондық тасымалдаушылар ақпараттары. Осылармен бірге пайдаланушыларға Интернет (Megalain), заманауи бейнеаппаратура,  компьютерлер мен көбейткіш техника қызметтерін де ұсынады.
Кітапханада бос уақытты тиімді өткізуге, достармен әңгіме-дүкен құруға, қызықты адамдармен кездесуге және интернет әлеміне кіруге  болады. Бұдан басқа  түрлі байқауларға, шараларға қатысып, компьютер сауаттылығын жетілдіруге, бейнефильмдер көруге, ән-күй тыңдап, сурет салуға және түрлі қолөнер шеберліктеріне машықтанып, тіпті театр актері ретінде де өзіңізді сынап көруге, немесе жай ғана рухани демалуыңызға да болады. 
Кітапхана жанында 2 клуб жұмыс істейді. Олар: «Найман» балалар және жастар клубы, «Чародеи» әдеби - әуендер клубы.

Қызметтері

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Найман» клубы;
  • «Чародеи» клубы.

 

Фотомұрағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс кестесі

Сейсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Дүйсенбі - демалыс
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

 

Жүру сызбасы және мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ., Островский к., 8

Телефоны: 8 (7232) 29-45-02

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.