1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


№ 4 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

№4 бөлімшені ерекше кітапхана деуге болады.  Өйткені, дәл осы  Металлургтер көшесінің 13-ғимаратында 1954 жылы №1 қалалық кітапхана ашылған болатын. Сөйтіп, Өскемен қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің тарихы осы жерден бастау алған еді. Кітапхана ашылған кезден бастап осы ықшам ауданның әлеуметтік инфроқұрылымын маңызды жалғастырушы ретінде берік қалыптасты. Бүгінгі күнде кітапханада жаңа ақпараттық технологиялар  белсенді түрде енгізіліп, медиатека  құрылуда. Ғаламтор мүмкіндіктері де кеңінен қолданылуда.                                                             
Оқырмандар үшін абонемент, оқу залы, балалар  бөлімі бар. Сонымен бірге, интернет қосылған компьютерлермен және лингофондық  құралдармен  жабдықталған зал да  қызмет етеді. 
Кітап қоры оқырмандарға мейлінше қолжетімді. Қорда  22 000 дана кітап - журналдар, білімнің әр саласына арналған аудио және электрондық басылымдар бар. Оқырмандарға, соның ішінде ересектер мен балаларға арналған 54 түрлі мерзімдік басылым ұсынылады.
Жыл ағымында жас ерекшелігі әр түрлі 2400 оқырманға қызмет көрсетеді. «Кітапхана -  эстетикалық тәрбие орталығы» атты мақсатты бағдарлама аясында жұмыс істейді. Бағдарлама негізгі екі бағыт  бойынша жүзеге асырылады:
- Өнер,(көркемөнер) жайында ақпараттық қор құру,
- Ақпараттық-ағартушылық  және бос уақытты тиімді пайдалану.
Кітапханада кітаптар қорымен бірге «Web-қорлар», «Музыкалық сауат». «Режиссура. Театр. Кино»тақырыптары бойынша ақпараттар  берілген  толық  мәтінді  мәліметтер жинақталған «Өнер»  қоры да бар. Ноталық қор атақты әлем композиторларының  ондаған  туындыларынан құралады.
Қазіргі таңда №4 кітапхана – бөлімшесінде музыка құмар қауымның «Элегия» клубы жұмыс істейді. «Атамекен»балалар клубы мен егде жастағы  адамдардың басын қосатын  «Огонек» бос уақытты тиімді өткізу – танымдық клубы да  өз жұмыстарын шабытты жалғастыруда.

Қызметтер

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • «Искуство» толықмәтінді мәліметтер қорына қолжетілімділік;
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Огонек» клубы;
  • «Элегия» клубы;
  • «Атамекен» клубы.

 

Фотомұрағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс кестесі

Сейсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Дүйсенбі - демалыс
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы мен мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ., Металлургтер көшесі, 13

Телефоны: 8 (7232) 77-26-15

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.