1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Орталық қалалық кітапхана

Кітапхана туралы

Орталық қалалық кітапхана – ақпараттық, мәдени қызмет және бос уақытты тиімді өткізу мекемесі. Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ құрамындағы барлық кітапхана-бөлімшелеріне әдістемелеік басшылық жасайтын құрылым орталығы.
Кітапхана жыл сайын 10 700 оқырманға қызмет етеді.
Кітапхана қоры – 43 400 бірлік.
Пайдаланушыларға абонементте, оқу залында, сондай-ақ электрондық қорлар бөлімінде қызмет көрсетіледі. Бұл бөлімдерде әлемдік ақпараттық жүйелер, ішкі және сыртқы мамандандырылған қорлардың төмендегідей қызметтері тегін ұсынылады.
Кітапхананың оқырмандары әр түрлі деңгейде: оқушылар, орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері, әр саланың мамандары, зейнеткерлер т. б.
Адамдарды кітап оқуға тарту мақсатында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырумен бірге, «Кітапхана және мейірімділік» деп аталған бағдарламаны жүзеге асырады.

Қызметтері

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру,  бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Құқықтық анықтамалық-іздеу "Заң" МҚ-нан ақпараттар ұсыну;
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi  пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Шабыт» клубы;
  • «Сенполия» клубы;
  • «Ретро» клубы;
  • «Сыр-Сұхбат» клубы.

Жұмыс кестесі

Кітапхана үзіліссіз жұмыс жасайды

Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы және мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ., Е. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Телефондары: 25-03-64, 25-17-70

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.