1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


№1 кітапхана-бөлімшесі

Кітапхана туралы

№ 1 кітапхана-бөлімшесі Жібек маталар комбинаты шағын ауданында 1978 жылы ашылған. 
Бүгінгі күні  шағын ауданның барлық жастағы тұрғындары үшін қызмет істейтін ақпараттық және мәдени орталық болып табылады. 
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қ. Сатпаев даңғылы, 14. 
Жыл бойында 3300-ден астам оқырмандарға қызмет көрсетеді. Олар: студенттер, орта мектеп және арнайы орта оқу орындарының оқушылары, мұғалімдер мен түрлі мамандар, зейнеткерлер т.б.
Кітапхана қорының жалпы саны – 14 900 данадан астам болса, оның 
3 504  данасы қазақ тілінде
Жыл сайын қор жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Сонымен қатар, кітапхана 80-нен астам мерзімді басылымдарға жазылады. Оның 35 түрі мемлекеттік тілде. Оқырмандарға электронды қор да кеңінен ұсынылады.
Кітапхана шағын аудандағы мекемелермен бірігіп, белсенді жұмыс жүргізеді. Олар: № 24, №26, № 44, № 45, 46 орта мектептер, сол жағалау клиникасы, мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған оқу тәрбие орталығы,   «Радуга» және «Рахат» балабақшалары.
«Аружан» зиялы әйелдер клубы жұмыс істейді. 
Жыл бойы оқырмандар үшін түрлі мәдени шаралар өткізіліп, кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Оқырмандар үшін электронды каталог, интернет, электрондық база, «Заң» базасы жұмыс істейді. Көшірме (ксерокс), сканер, 4 компьютер бар. Кітапхана жұмыстарын біліктілігі жоғары мамандар атқарады
Білімдерін көтерем деушілер үшін  Интернет тегін. 
Біздің кітапхана - берекелі кәсіби шығармашылық ұжым.

Қызметтері

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Құқықтық анықтамалық-іздеу "Заң" МҚ-нан ақпараттар ұсыну;
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Аружан» клубы.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - жексенбі: 09.00 - 17-00
Жазғы уақытта (1 маусымнан 1 қыркүйек аралығында) жексенбі күні - демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

Жүру сызбасы және мекенжайы

Мекенжайы: Өскемен қ.,  Сатпаев даңғылы, 14

Телефон: 8 (7232) 60-61-68

E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

Сайт: kitaphana.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.