Қазақстан құстары

ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.

САМЫРКЕШ - ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрақты- ұзақтап сәл кешірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады. Бұл құс көктем айларында шырша зиенкестері- бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.
Самыркештің бір ерекшелігі- жазды күндері ол жемін ауламай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді екен. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуық шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс.  Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.
Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 тәрбиеші  қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды.

АҚҚУ -қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.

ҮКІ - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.
Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді.
Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.

ҚАРЛЫҒАШ - жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.
Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар.

ҰЛАР- салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсаса, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де тек көктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен.
Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді.
Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.

ШҰБАР КҮЗЕН. Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кең тараған бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбірі құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кеткен. Шөлді аймақта Бетпақдалада, Балқаш өңірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құры екен.

АЛТАЙ АРҚАРЫ - тек Алтайда ғана кездеседі. Ол жерде шамамен 80-дей арқар мекендейді. Яғни бұл түрше жойылып кету шегіне жақын тұр. Негізгі себеп-қасақалық және арқарлар тіршілік мекенінде пәрмендә түрде мал жою. Мал жоюды шектеп Күршім жотасының оң жақ беткейінде марқакөл қорығының жеке бөлімшесін ашу керек.

ШҰБАР КЕСІРТ. Таралу аймағы шағын, зерттелмеген түрі. Қазақстанда Зайсан ойпатындағы айғыр құмның Оңтүстік шетіндегі құмдардан 4 данасы ғана ұсталған. Саны өте аз. Бұл кесірттің биологиялық және сан мөлшеріне әсер ететін себептерін зерттеу керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

 

  1. Маңғыста энциклопедиясы. Алматы, 1997 жыл. Атамұра баспасы. Бас редакторы: Ә. Кекілбаев.
  2. Қазақстан құстары  ғажайып әлем. Алматы Аруана 2003 жыл. Авторы:  А. Байғабылова.
  3. Маңғыстау географиясы. Алматы қанағат- ҚС-1997 жыл. Авторы: Серікбол Қондыбаеы.
  Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология


Яндекс.Метрика