Заңдылықтың ұғымы

Зандылық туралы заң ғылымында құнды зерттеулер мен монографиялар жарық көрді. Көптеген ғалымдар заңдылықты екі мағанада түсінеді: Бірінші топтағы ғалымдар заңдылықты мемлекеттегі басқару режимі десе, екінші топтағы зерттеушілер занды бұлжытпай орыңдау деген идеяны алға тартады. Сонымен қатар зандылық құл иеленуші және феодалдық мемлекеттерде болмаған деген пікір қалыптасқан. Адамзат тарихында қабылданған тарихи-құқықтық ескерткіштерге назар аударсақ, зандылық құл иеленуші, феодалдық мемлекеттердеде болған, бірақ мүддені қорғауда тар шеңбер аумағында, таптық сипат деңгейімен ғана шектелген. Мысалы, ежелгі Римдегі Юстинианның Дигестерінде зандылық туралы мынандай норма бар: «Заң деген ол сол, оған барлық адамдар бағынулары тиіс». Хамурапи, Ману заңдарынан да осындай талаптар аңғаруға болады. Мысалы, б.э. дейін XVIII ғ., қабылданған Хамурапи заңынын шығуы мынандай қағида негізінде кабылданған: «...елге әділеттіліктің нұрын беру үшін, заңсыздықпен жауыздарды кұрту үшін, күштілер әлсіздерді жәбірлемес үшін». Немесе Ману зандарында: «Егер патша жазаны лайықты болғандарға үзбей колданбаса, күштілер әлсіздерді істікте балықша қақтаған болар еді», — делінген. Әрине, заң шығарылған соң да үстем тап өкілдері тарапынан қысым, басқыншылық әділетсіздік жасалған. Бірақ қалай айтсақ та заң күштілердің жүгенсіздік, бассыздық, заңсыздык әрекеттерін тежеп отырған. Құқық өзінің табиғатымен, құндылық қасиеттерімен және жауапқа тарту сесімен жалпы адамзаттық игіліктер мен әділетгіліктің рәмізі ретінде санамен қабылданған. Сондықтан зандылық идеясы мемлекетпен құқықтың ажырамас бөлігі деп қабылдануы тиіс. Ежелгі Рим заңгерлері заңның қаталдығына қарамастан оны орындау әрбір адамның міндеті деп санаған. Dura lех, sed lех -заң қатал, бірақ ол заң деген қанатты сөзді ұрпаққа қалдырған. Франция буржуазиясы 1848 жылғы революция кезінде көтеріліске шыққан жұмысшыларға қарсы күрес жүргізуде заңдылықты ең күшті кедергі деп таныды. Сол кезде өзінің қаталдығымен көзге түскен, буржуазия өкілінің бірі Одилон Барро: «La Legalite nous tue» — заңдылық бізді өлтіруде», - деп, кәтерілісті басып жаншуға адам құқықтарын аяққа таптауға заңдылықтың кедергі болып тұрғанын тілге тиек еткен. Заңдылық деп мемлекеттік билік жүргізудің ең негізгі қағидасы ретінде барлық органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, адам, дара азаматтардың заңдар мен заңга сәйкес қабылданган нормативтік құқық кесімдерді бұлжытпай орындау және қатаң сақтауды айтады. ЗАНДЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ Зандылық мемлекеттік билік жүргізудін негізгі қағидасы ретінде өзіне тән мәнге ие. Сол мән арқылы зандылық бассыздық пен күш қолдануға тосқауыл кояды, адамдардың санасын заңға бағыну, талаптарын орындау идеясын жариялайды. Заңдылықтың өзіне тән мәні және ерекшеліктері бар. Біріншіден, зандылық барлық мемлекеттік ұйымдардың, қоғамдык ұстанымдардың азаматтардың іс-әрекеттерінің тек ғана заңга сәйкес болуы қажет екенін жаппай талап етеді. Сәйкес мінез-құлық қалыптасса зандылық іс жүзіне асады, олай болмаған жағдайда зандылық бұрмаланады. Екіншіден, зандылық іс жүзіне асу үшін ғылыми негізде, қоғамның даму заңдылығын көрегендікпен болжаған тиімді заңдар қабылданып, оларды бұлжытпай орындау тетіктері жасалуы тиіс. Бұл мәселені іс жүзіне асыру үшін мынандай мәселелерді шешу қажет: а) Парламент шығарған заңдардың орындалуын, іс жүзіне асуларын бақылайтын өкілетті органның функциясын қалыптастыру қажет. ә) Атқарушы органдардың занға сәйкес қабылданатын нормативтік кұкықтық кесімдердің көлемін шектеу қажет. Көп жағдайда заң орындалмайды, ал «заңға сәйкес» деп қабылданған кесімдер атқарушы органдарға «ең қастерлі» болып саналады. Себебі заң нормаларының қажетті талаптары ведомстволық нормативтік кесімдермен (ереже, бұйрық) басқаша бұрмаланып, басқа мазмұнмен орындалуға ұсынылады. б) Зандылықтың дағдарысқа ұшырауының себебі заңды бұрмалаған, орындамаған лауазымды тұлғалардың қатаң түрде жауапқа тартылмауы. Атақ, дәреже, қызметіне қарамастан, кім болмасын зан алдында тең екендігі Конституция жариялаған тілек ретінде емес, аксиома ретінде құқықтық қатынастардың барлық субъектілерімен бірауыздан мойындалуы тиіс. Мысалы, осыдан біраз жыл бұрын Ұлыбританияда 16 адам ауыр қылмыс істегендері үшін жауапқа тартылмай, сот залынан босатылды. Себебі, «айыптаушының сот процесіне келмеуі». Судьяның занды бұзуға құқы жоқ. Айыптаушы келмесе сотталушының кінәлары жоқ, занды бұзған айыптаушы. Судья заңды бұлжытпай орындады. в) Заңдылықтың бұрмалануына Парламент шығарған зандар мәтінінін «каучук тәріздес» болып, колдану кезінде қиындықтар мен шатастыруларды туғызуы. Осы күнге дейін заңдардың мазмұны түсініксіз, аударуы дұрыс емес олқылықтар жиі кездеседі. г) Заңдардың орындалуы үшін мынандай мәселелерді шешу қажет: Біріншіден, бізде әлеуметтік тәжірибені объективтік түрде талдау жасау мүлдем жоқ деуге болады. Қабылданған заңдар өмірден мүлдем алшақ, қоғамдық қатынастарға сәйкес келмейді, сондықтан тиімді реттемейді. Заңды дайындау процесі дұрыс жолға қойылмаған, заң кабинетте дайындалады, көп зандарымыз Ресейдің шығарған заддарынан көшіріп алынады. Бұл жұмысты жақсарту үшін заң дайындалатын парламенттік комиссия фирмалардың ғалымдардын, жеке адамдардың, саясаттанушылардың, сол саланың тікелей мамандарымен кездесіп, олардың пікірлері негізінде заңның алғашқы жобасын қалыптастырып, оны тыңдауға өнеркәсіпшілдерді, ауыл шаруашылық мамандарын, профессорларды, мудделі қоғамнын өкілдерін шақырып, талқылауға салу қажет. Олардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын қорытындылап, тағы талқыға салып, Парламентке тусіру керек. Екіншіден, әрқашан заң шығаруда ғылымнын ұсыныстарын міндетті түрде ескеру қажет. Бізде осы күнге дейін заңның жобасын жасауға мүдделі, құштар мекемелер мен органдар қатысады. Ал, олар өздеріне қажетті заң жасауды көздейді. Одан кейін ол заң қалай орындалсын, оны аттап өтудің тетіктерін өздері жазып қойса. Үшіншіден, сапалы, орындалатын зан шығару үшін кәсіби парламент құрылуы қажет. Сайланған депутаттарымыз жоғарыда көрсетілген факторлардың тетіктерін жақсы меңгерген маман, заңгер-ғалым, экономистерден сайлануы керек. Жалпы апараттық қажеттерден ада, оқшау ойлары бар білімпаз қайраткерлер болуы тиіс. Төртіншіден, заңның орындалмауының себебі, қоғамда кен қанатын жайған құқықтық сауатсыздық. Занның не екенін, оның мазмұнын, қолдануын түсінбейтін халық занды калай орындайды?! д) Заңдылық демократияның ең негізгі және манызды ажырамас бөлігі болып саналады. Тек заңдылық арқылы демократия толыққанды дәрежеде пайдаланылады, іс жүзіне асады. Тек заңдылық ғана анархия, бассыздық өз беттерімен кеткендерге тосқауыл болады. ж) Заңдылық жалпы мемлекеттік тәртіптін негізі болып табылады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайту зандылықты нығайтудың кепілі. Зандылық мынандай қағидаларға ие: 1. Заңның ерекше пұрсаттылығы. Мемлекетте Парламент қабылдаған заңнын ең жоғарғы күшке ие болуы. Барлық нормативтік құқықтық кесімдер заңды іс жүзіне асыру үшін қабылданады. Оған ешқандай кесім қайшы келмеуі керек. 2. Заңды қолданудағы бірлік және бірыңғайлық. Заңдылық әр аймақтық аумақтық болып бөлінбейді. Қазақстан Республикасында Конституция бекіткен Конституциялық құрылым, демократия, билік жүргізу, адам құқықтарын қорғау бірыңғайлы, жүйелі мағанада іс жүзіне асырылады. 3. Заңдарды жаппай сақтау және орындау. Бұл қағида — Конституциялық талап. Заңды орындау әрбір адамнын ішкі жан дүниесінің, ой-өрісінін қажеттілігі болуы тиіс. 4. Заңдылық пен мәдениеттіліктің тығыз байланыстылығы. Заңдылықты нығайту репрессиялық тәсілдерге емес, мәдениеттілікті меңгеру, дамыту арқылы іске асырылады. 5. Адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі. Зандылық арқылы адам құқықтары мен бостандықтары тиімді қорғалады және қамтамасыз етеді. Заңдылықтың сипаттамасы Заңдылық - заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің республика аумағында мүлтіксіз және дәлме-дәл орындалуы. Заңдарды сақтайтын, орын дайтын, жүзеге асыратын - мемлекет органдары, ұйымдары, мекемелері, кәсіпорындары, лауазым иелері, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер. Егер аталған субъектілер заңдарды мүлтіксіз орындаса қоғамда, мемлекетте заңдылық үстемдік етеді деп айтуға болады. Егер заңдар орындалмаса, бұзылса қоғамда заңдылың бұзылды деп айтады. Заңдылықтың сақталуы, үстем болуы -қоғам өмірінің тұрақтылығының алғы шарты. Заңдылық бұзылса демократияға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына зор нұқсан, зиян келтіріледі, қоғамдық тәртіп бұзылады. Заңдылық қағидаттары (принциптері) - заңдылықтың мазмұнын ашатын, білдіретін негізгі идеялар, негіздер (бастаулар). Бұларға жататындар: а) заң үстемдігі - ең жоғары акт ретінде бүкіл нормативтік актілердің және құқықты жүзеге асырудың бүкіл актілерінің заңға бағыныштылығы; ә) заңдылықтың тұтастығы (жалпыға бірдей міндеттілігі) — белгілі бір мемлекеттің бүкіл аумағында құқық шығармашылығы мен құқықты жүзеге асырудың құқықтық қатынастардың субъектілері қызмет атқаруларының бірыңғай бағыттылығы. б) заңдылықтың мақсаттылығы — қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, өзі ең қолайлы өрі қатал түрде заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер нұсқасын таңдап алудың қажеттілігі; в) заңдылықтың іске асатындығы - барлық қызметтердің түрлерінде құқықтық нормалардың орындалуына шын мәнісінде жету және қандай да болсын құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығы.
  Қазақ тіліндегі рефераттар - Заң


Яндекс.Метрика