1. Ресурсы
  2. Тарих

Тарих

Индустрияландыруға бағыт алудағы қыйыншылықтар

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Индустрияландыруға бағыт алудағы қыйыншылықтар.
1925 жылғы желтоқсан – БКП-ның XIV сьезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты: Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдығымен  (1928-1932) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты: қазба байлықтарының толық зерттелмеуі, байланыс  және тасымал құралдарының нашар дамуы (терр. 1000 шаршы шақырымы темір жолдан тұрды), жұмысшы талабының сан жағынан өте аз болуы(халықтың 90 пайызы  шаруалар), жергілікті мамандардың жетіспеуі, ЖЭС тоқтатылып әскери коммунизм  кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы, халық билігің жеке диктатурамен ауыстырылуы, әміршілік – төрешілік басшылық әдісінің енгізілуі.
Индустияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:  Өлкенің тех-лық – эко-лық жағдайынан артта қалуын жою; Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру.
Социализімнің бұрмалануы Қазақ өлкеліп партиясының 1-хатшысы  Ф.И.Голощекиннің (1925-1933) келуімен күшйе түсті
Кіші Қазан төңкерісі
Ф.И.Голощекин  “қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет”  деген идеясын ұсынады. Сталинге хат жолдап, “Мен осы жазбаңызда берілген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын” деген жауап алады. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. Кіші қазан төңкерісінің бағыты: Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; Өлкені шикізат базасы ету.
Голощикин бұл қағидасын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бұкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтығын мәлімдеді.
Ірі саяси  қайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты: Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату; Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.   С.Сәдуақасов сол кездегі өлке экономикасы туралы: Қазан өлкесі отар болып келеді  және солай олып қалады  - деп тұжырым жасады.
Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мн зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды; Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді; Қазақтармен өнеркәсіп қаржы жоспарын орындау мүмкін емес.  
С.Сәдуақасов пен Ж:Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандарын Ұлтшылдық көрініс деп бағалады. Ал индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер Ұлыдержавалық шовонизм көрініс деп бағалады.
Индустрияландыруды жүзеге асыру
Индустрияландыру - өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден бапсталды. Академик  Н.С.КурнаковОрталық Қаз-ның  минерал шикізат байлықтарын зерттеп, ҚАКСР Кеңес одағының тұтас металлогенді провинциясы деп тұжырым жасады; Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны-мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорындылады.   Инжинер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы мол екенін дәлелдеді.
1927 жыл-Түркістан-Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды: В.С.Штаов – құрылыс бастығы; Рус-ка Халық ком-лары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түріксібке жәрдемдесу ком-ның басшысы; РКФСР Халық Ком-лары Кеңесі төрағасының орынбасары-Т.Рысқұлов-РКФСР үкіметі жанындағы Түріксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы коммитет басшылы. Құрылысқа 200млн.сом қаржы бөлінді, оның ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелердің бірі-Жетісу жолына тәулігіне 1500 м жол төселіп, 7 айда салынды. 1930 жылы 28 сәуір-солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясына түйісіп, жол уақытша іске қосылды. 1931 жылы қаңтар-Түріксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.
Түріксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы
Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды; Елдің шығыс аудандырының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті; Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды.  Қатардағы жұмысшы Д.Омаров – Түріксіб бастығы; Т.Қазыбеков – Қазақ-көлік құрылыс тресінің бастығы, Социалистік Еңбер ері.
Соғысқа дейінгі бесжылдытар кезіндегі салынған құрылыстар: Тіріксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш пен Жезқапзған кен металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркәсібі нығайтылды. О.Қаз-ның  шикізат аймағы  Оңт.Оралдың өнекәсіп орындарын кенмен, металмен,көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан “Екінші Бакуң мұнай”базасының бір бөлігіне айналды. Индустрияландыру басты міндеті КСРО-ны машиналар мен жабдықтар әкелетін елден оларды өзі шығаратын елге айналдыру тұжырымынан (И.В.Сталин) қазақ өлкесі шет қалды.
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер
Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады; Энергетика базасы, құрылыс материалдыры өнеркәсібі артта қалды; Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді; Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 213 есе асып түсті.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдыры: Шаруаларға үктеме салықтар салу; Республикадағы барлық жинақталған қорларын  мемлекеттік бюджетке қосу (тонау); Орталық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. 1931-1934ж-2 мрлд137млн сом; Өндірісті өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру; жазалау саясатын қолдану; Ұжымдастыру және аштықтан бас суғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану
Индустрияландыру еркешеліктері
Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді, мұнай ембіде өндіріліп, өңдейтін орталық Орскіде салынды; Билікті жұмысшы мамандар, имжинер-тенхник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді; Жергілікті мамандар жетіспеді; Урбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үстіндегі қоныстар, қала халқы көбейді;  
1930 жылдың аяғы – қазақ халқы – 29,8%; 1939 жыл – қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты (1926 жылдан 5 есе көп); 1926 жыл – қазақтар 2,1%, соғыс қарсаңында қала мен қала үлесіндегі қоныстар – 16%.
Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты. 1928 жылы – 19,8%, 1935 жылы -43%-ға өсті. Орталықтағы дамыған аудандар ұлт аймақтарынқамқорлыққа алды (Ленинград, Донбасс, Харьков). Балқаш мыс комбинатына Мәскеуден құрылыс техникумының түлектері, метро құрылысынан 750 маман мен жұмысшылар келді. 100-ге жуық қазақ жұмысшылары бетон құюшы мамандығын игерді.Донбасс шахтерлері Қарғандыны қамқорлыққа  алды.Мамандар даялауда индустриялы Орал көмектесті. Қазақ жұмысшылары Красноуральск, Среднеуральск комбинаттарында тәжірибе жинақталды.  Қазақстанда мектептер, зауыт-фабрикалар, үйірмелер, техника үйрену үйірмелері ашыла бастады.
Индустрияландыру барысында бұқаралық социалитік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Донбасстың жаңашыл забойшысы  - Алексей Стаханов бастамасы  ел көлемінде насихатталды. Қазқстандағы алғашқы Стаханов ізбасарлары – Қарғанды шахтер Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық аса маңызды салаларын қамтыды.   1935 жылғы желтоқсан – Республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш елеті. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: Ә.Мұрынбаев, М.Сағымбеков, С.Өтебаев, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова, А.Сафин.Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақ жұмысшы табының 30%-ы – шаруалар. Қазақстан жұмысшы табының ұлттық кадрларын даярлау толығынан шешілмеді, олар әлі де қалыптасу үстінде еді.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: Жұмысшы табы қалыптасты; Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды; көп ұлтты ұжымдар пайда болды; Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты:
Қазақстанның өнеркәсібінің орталық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытулуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.

Стахановшылар қозғалысы:

Оң әсері    
1.Жаңа техника мен технология меңгерілді.
2.Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді.
3. Еңбек өнімділігі артты.
4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.
Теріс әсері
1. Жағдайға қарап ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды.
2. Жаппай стахановшыландыру  жүргізіліп, өндіріс берекесі кетті.
3. Жекеленген адамдарға рекорд жасау үшін жағдайлар жасалды.
4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық жаппай көнбістілік психологиясы қалыптасты.


Қорытынды: Қалаландыру үрдісі күшейді, ондаған жаңа қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер өсіп шықты. Алтын өндіру елдің қаржы жүйесін нығайтуға қомақты үлеу қосты, Жұмысшы табы қалыптасты; Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды; көп ұлтты ұжымдар пайда болды; Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты , қазақтың саны өсті, шет елдегі мамандар мен ғалымдардан тәлім – тәрбие ала бастады.


Шыңғыс хан

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Шыңғыс хан (өз аты – Тэмуджин, Темучин) – Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын (Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін) талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түрікше «теңіз, мұхит» деген сөзден шыққан) лауазымын алды. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (яса) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды. 1207-11ж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Пекинді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-1219ж.ж. Жетісуды, 1219-21ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды. Шыңғыс хан Тұнғұстарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.

Шыңғыстау обаларының құпиясы

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Сарыкөл тарихи ескерткiш кешенi ұсынған жұмбақтар көп. Семей өңiрiне қарасты Шыңғыстау тауы патша заманының зерттеушiлерi назарына өткен ғасырларда-ақ iлiнiп, алғаш 1896 жылы өлкетанушы В.Никитин жазбасына түскен. Сол кезде Шыңғыстау обаларын зерттеудiң болашағы бары болжанған едi. Өлкенi археологиялық қырынан зерттеуге байланысты «Семей уезiнiң оңтүстiк шегарасы және ең бастысы, Шыңғыс тауы ескерткiштерiмен маңызды мәнге ие» деп жазды ғалым еңбектерiнде.

Соңғы елу жылдан астам уақыт iшiнде кеңес археологтары осы өңiрде өздерiнiң ғылыми iзденiстерiн iшiнара жалғастырса, бүгiнде ондағы зерттеу жұмыстарын Қазақ елiнiң ғалымдары (З.Самашев, Ә.Төлеубаев, А. Исин, Е. Сайлаубай) жандандыруда.

1947 жылы Орталық мұражай тарапынан ұйымдастырылған этнографиялық экспедиция Абай ауданындағы «Сарыкөл» ұжымшары маңында қола дәуiрi обаларын зерттедi. Археолог Л.К. Нифонтова да қазба жұмыстарын жүргiздi. Осы тұста елiмiздiң шығыс өлкесiне көрнектi археолог С.Черников та шақырылған едi. Осы аталған өлкеде ол 1949 жылы барлау жұмыстарын жүргiздi. Мұндағы тастан тұрғызылған құрылыстардан бөлек, Сарыкөл “тас жәшiктерiн” және андрондық қыш ыдыс үлгiлерiнiң бiршамасын 1949 жылы Л.Нифонтова, ал 1960 жылдары С.Черников жария еттi.

Ал кейiнгi зерттеу Шыңғыстау археологиялық экспедициясымен 1999 және 2002 жылдардан берi жалғасын тауып келедi. Экспедиция құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi ғалымдары мен студенттерi және Семей Мемлекеттiк университетiнiң ғалымдары болды. 2006 жылы бiрлескен қазақ-поляк ұжымы бiрлесе отырып, Қазақстаннан Археология институты қызметкерлерi (жетекшiсi З.Самашев) мен Семей қаласындағы Ш. Құдайбердиев атындағы Мемлекеттiк университет оқытушылары мен студенттерi, ал Польшадан Вроцлав университетiнiң Археология институтының оқытушылары мен студенттерi зерттеу жұмыстарын жүргiздi.

Экспедиция жұмысы барысында 2003 жылы табылған Сарыкөл жәдiгерлiк олжалары 2004 жылы А. Исиннiң жариялауымен көпшiлiкке танылды. Сондағы олжа арасында алтын құтыны ерекше атап өтуге болады.Ендi Сарыкөл қорымына тоқталар болсақ, бұл мекен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылдан оңтүстiк-батысқа қарай, 45-50 шақырым жердегi Шыңғыстаудың биiгiндегi Сарыкөл көлiнiң жағасына орналасқан. Ал ондағы және сол маңайдағы тас мүсiндердiң зерттеле бастағанына да көп уақыт болған жоқ. Әр жылдары жарық көрген басылым беттерiнде көне түркi дәуiрiнiң ескерткiштерiн сипаттаған, тарихи маңызды бастау көздер ретiнде түрлi композициялардың хронологиясы мен интерпретациясы берiлдi. Мұндағы түркi тайпаларының жерлеу рәсiмiн археологиялық материалдар негiзiнде С.С. Черников, Ф.Арсланова, А.Чариков зерттедi.

Ал өткен 2007 жылғы Сарыкөл қорымының жергiлiктi жоспары түсiрiлiп, әртүрлi көлемде қатар жатқан (№12; 13; 14) яғни, тастан қалап тұрғызылған үш обалы кешенге және жанындағы құрбан шалу орнында қазба жұмыстары жүргiзiлген болатын.

Кешеннiң солтүстiгiндегi (№12) қоршаудың шығыс жақ бүйiрiнде 1,42 метр шамасында мүсiн-тас орнатылған. Мүсiннiң түр-келбетi ер адам бейнесiнде салынған, ал басы тұтасымен, мойын мен иықтары кескiнделе көрсетiлген. Бет-пiшiнi анық, көзi, қыр мұрны, мұрты мен сақалы қашау бедермен салынған. Мойнында үш бұрышты әшекей бар. Қолы анық көрсетiлмеген, тек екi жақ қаптал сұлбасы, арқасында жетi тарам бұрымы байқалады. Мүсiн қызыл граниттен сомдалған екен, биiктiгi - 2,32, енi - 0,41-0,36, қалыңдығы 0,37- 0,29 метр. Қазба жұмыстары барысында осы тас мүсiндi айнала от жағылған, формасы таға тәрiздi алау орны анықталды. Толық тазартқан кезде екi басының ұзындығы бiрдей 3,8, аралығы 3,3 метр болып шықты. Қара дақ пен тас мүсiннiң аралығы солтүстiк жағынан 1,5, оңтүстiк жағынан 1,4, шығысында 2,2 метр ашық алаңқай бар. Қара дақтың енi 0,70-0,80 метр, тереңдiгi 0,20-0,25 метр. Тас мүсiннiң оңтүстiгiнен, жер бетiндегi қара дақ iшiнен нашар сақталған жылқының астыңғы жақ сүйек қалдығы және тас мүсiннiң солтүстiгiнен бiр дана қызыл түстi опал моншақ табылды.

Мүсiн-тас түбiнен кiшкене алтын құмыра, көптеген алтын, күмiс жапсырмалар, темiр үзеңгi, айылбас, жебе мен найзаның ұшы табылды.

Құмыра - алтын, биiктiгi - 5,4 см, ернеу диаметрi - 2,8 см, салмағы 17,9 грамм. Құмыраның сабы бүйiрiне үш жапсырма шегемен бекiтiлген. Осы құтыға ұқсас ыдыстар әр мезгiлде, түркi тектi Алтай халықтары қоныстаған елдер аумағынан да табылған. Дегенмен олардың көлемi бұдан екi-үш есе үлкен. Құтыға қатысты, мұндай қымбат бағалы металдан жасалған ыдыс-аяқ түркi жұртының тұрмысында ерекше мәнге ие болған деуге болады. Құтының ғұрыптық мәнi сол, тоқшылық пен жұтамас байлықтың және өлген адамға көрсетiлген құрметтi бiлдiрген. Сондай-ақ, оның генеалогиялық танымға да әсерi барына тоқталған жөн. Ол турасында А.Исин Рашид ад-Диннiң “Жылнамасынан” мысалдар келтiрген.

Жапсырмалар. Құтының iшiнде жолақ, дөңгелек түрiндегi 10 алтын лента-қаңылтыр, 7 фигуралық, 4 кiшкене тiк бұрышты және де бұл жиынтықта әртүрлi конфигурациядағы 11 күмiс жапсырма бар. Әшекейлердiң қатарында қоладан жасалынған бiрнеше бұйым бар.

Ат әбзелi. Темiр ауыздық. Классикалық үлгiдегi екi құрамды 3 түрi табылды. Темiр үзеңгi. Сипатына тоқталар болсақ, үш үзеңгi де iлгек түрiнде, типi жағынан - көлденең-сопақша, iлгегi қабысыңқы, доға корпусы дөңгеленген.

Жалпы, Сарыкөл ескерткiштерi ондағы тас мүсiндердi зерттеу ғылымда қашанда берерi мол еңбек екендiгi дау тудырмайтыны хақ. Кешенге қатысты айтарымыз, бұл байырғы Түрiк кезеңiнiң, шамамен VIII ғасырға дейiнгi ескерткiшi деп пайымдап отырмыз. Одан арғы мәлiметтi, ендiгi жерде Мемлекеттiк “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында анықталады. Өйткенi, келешек атқарылатын археологиялық зерттеу жұмыстары тың деректердiң негiзiнде, аймақтың көне және орта ғасырлар тарихын жүйелi зерттеудiң игi бастамасына ықпал етерi хақ.

Хронологиялық деректер

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Хронологиялық деректер
1680—1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.
1718 ж. — Семей қаласының салынуы.
1670—1697 жж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошақтудың билік құрған жылдары.
1697 — 1727 жж. — Жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның билік құрған жылдары.
1720 ж. — Өскемен қаласының салынуы.
1723 ж. — “Ақтабан шұбырындының” басталуы.
1725 ж. — жоңғарлардың Ташкент пен Түркістанды басып алуы.
1726 ж. — Ордабасыдағы қазақтардың құрылтайы.
1728 (1726) ж. — Бұланты, Белеңті өзендері жағалауындағы (Орталық Қазақстан) қазақ жасақтарының жоңғарлармен соғыстары.
1730 ж. — Сазтөбедегі (Сайрамға жақын жерде) құрылтайда жоңғарға қарсы әскери одақ мәселесінің шешілуі.
1729 (1730) ж. — Аңырақай шайқасында (Балқаш көлінің оңтүстігі) жоңғарлардың жеңілуі.
1731 ж. — А.И.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің келуі және Әбілқайыр ханның Ресей протекторатын қабылдауы.
1734 ж. — И.К.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясының қызметінің басталуы.
1735 ж. — Ор өзені бойына Орынбор қаласының салынуы (кейіннен Орск бекінісі).
1740 ж. — Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қаза табуы.
1740 ж. — Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге ант беруі.
1741—1742 жж. — Қазақ-жоңғар соғыстары. Абылайдың тұтқынға алынуы.
1745 ж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің өлімі, тақ таласының басталуы.
1748 ж. — Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханды өлтіруі.
1748 ж. — 1785 ж. — Нұралы ханның Кіші жүзді билеуі.
1752 ж. — Петропавл қаласының салынуы.
1756 ж. — Орта жүз қазақтарының Жайық өзенінің арғы бетіне өтуге тыйым салынуы.
1756—1757 жж. — Абылай бастаған қазақ жасақтарының Цинь басқыншыларымен күресі.
1756 ж. — Абылайға Қытай елшілігінің келуі.
1757—1777 жж. — Абылайдың Пекинге барлығы 10 елшілік жіберуі.
1758 ж. — Цинь империясының Жоңғарияны талқандауы. Жоңғария мемлекетінің жойылуы.
1771—1781 жж. — Абылай ханның ел билеуі.
1773—1775 жж. — қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
1783—1797 жж. — Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс.
1785 ж. күз — Орынбор әкімшілігі дайындаған Кіші жүз рубасыларының құрылтайы.
1786 ж. — Кіші жүзді басқару туралы Игельстромның реформасы.
1792—1794 жж. — Кіші жүздегі Ералы ханның билігі.
1795—1797 жж. — Кіші жүздегі Есім ханның билігі.
1797—1805 жж. — Кіші жүздегі Айшуақ ханның билігі.
1801 ж. — Еділ мен Жайық аралығында Бөкей (Ішкі) ордасының құрылуы.
1801—1845 жж. — Жәңгір хан өмір сүрген жылдары.
1802 ж. — Сырым Датұлының Хиуа жерінде қаза табуы.
1808 ж. — Ұлы жүз жерлерін Қоқан хандығының басып алуы.
1805—1809 жж. — Кіші жүздегі Жантөре ханның билігі.
1806 ж. — Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның Сырдария бойындағы қазақтарды күшпен бағындыруы.
1809 ж. — Қаратай Нұралиевтің қолынан Кіші жүз ханы Жантөренің қаза табуы.
1812 ж. — Кіші жүзден Бөкей ордасының бөлінуі.
1815—1821 жж. — Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа басқыншыларына қарсы күресі.
1821 ж. — Ұлы жүз қазақтарының Тентек төре бастаған Қоқан билігіне қарсы көтерілісі.
1822 ж. — “Сібір қазақтары туралы жарғы”. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.
1823 ж. — “Орынбор қазақтары туралы жарғы”. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
1823—1845 жж. — Жәңгір ханның Ішкі ордадағы билік құрған жылдары.
1825 (24)—1836 жж. — Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсы Саржан Қасымұлының қозғалысы.
1824 ж. — Қарқаралы, Көкшетау округтерінің құрылуы.
1826 ж. — Баянауыл округінің құрылуы.
1831—1868 жж. — Кіші жүзде дистанциялық биліктің орнауы.
1831 ж. — Аягөз (Сергиополь) округінің құрылуы.
ХІХ ғ. 1835—1838 ж. — Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлының Ресей отаршылдығына қарсы күресі.
1833 ж. — кедей қазақ Апақ Байжановтың Қарағанды аймағында тас көмір кенін табуы.
1833 ж. — Арынғазының Калуга жерінде қайтыс болуы.
1835 ж. — Орск пен Троицк арасында жаңа шептің салынуы.
1836—1838 жж. — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс.
1837 ж. қазан — Жәңгір хан ордасын қоршау.
1838 ж. 12 шілде — Ақбұлақ түбіндегі шайқас.
1837—1847 жж. — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
1839 ж. — губернатор Б.А. Перовскийдің Хиуаға әскери жорық жасауы.
1841 ж. — Кенесарының хан сайлануы.
1845 ж. — Ырғыз, Торғай бекіністерінің салынуы.
1846 ж. — Каспийдің шығыс жағалауында Ново-Петровск (кейіннен 1846 ж. Форт-Александровск, қазіргі Ақтау қаласы) қамалының салынуы.
1847—1904 жж. — Қазақстанның түсті металл мен көмір кен орындарын Попов, Рязанов, Ушаков сияқты ресейлік кәсіпкерлердің игеруі.
1847 ж. — Сырдарияның төменгі ағысында Ресейдің Райтм (кейіннен — Арал) бекінісінің салынуы.
1847—1858 жж. — Есет Көтібарұлы бастаған отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс.
1853 ж. — Қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін В.А. Перовский бастаған орыс әскерлерінің жаулап алуы (Қазіргі Қызылорда қаласы).
1854 ж. — Верный (Алматы) бекінісінің салынуы.
1856—1857 жж. — Жанғожа Нұрмұхаметұлы бастаған Сырдария бойындағы қазақтардың көтерілісі.
1864 ж. — Орыс әскерлерінің Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті жаулап алуы.
1865 ж. — Орыс әскерінің Ташкентті жаулап алуы, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуінің аяқталуы.
1865 ж. — Гирс басқарған Дала комиссиясының қызметі.
1867 ж. 11 шілде — “Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”.
1868 ж. 21 қазан — “Торғай, Орал, Ақмола, Семей қалалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже”.
1868 ж. — Ақтөбе қаласының салынуы.
1869—1870 жж. — Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілістері.
1881—1884 жж. — ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.
1881 ж. ақпан — Петербург келісім-шартының қабылдануы.
1868, 1869, 1883, 1889 жж. — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту туралы заңдардың қабылдануы.
1886 ж. 11 маусым — “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”.
1891 ж. 25 наурыз — “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ережең.
1902 ж. — Қазақстан аумағы бойынша Орал қаласында алғашқы социал-демократиялық үйірме дүниеге келді.
1904 ж. — Қазақстан тау-кен орындарының шетелдіктердің қолына өтуінің басталуы.
1904—1906 жж. — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту, орналастыру жөніндегі қоныстандыру мекемелерінің ашылуы.
1905—1907 жж. — Қазақстан бірінші орыс революциясы жылдарында.
1905 ж. — Орал қаласында “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы.
1905 ж. — Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақтарының петиция ұйымдастыруы (4,5 мың адам қол қойды).
1905 ж. 17 қазан — Ресей империясында азаматтық бостандықтар туралы манифест.
1906—1907 жж. — І және ІІ Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутаттар сайлау (Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, М. Тынышбаев, Б. Құлманов, т.б.).
1913—1918 жж. — “Қазақ” газетінің шығуы.
1914—1918 жж. — Бірінші дүниежүзілік соғыс.
1916 ж. 25 маусым — Патша үкіметінің бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы.
1916 ж. шілде — Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.
1917 ж. 28 ақпан — Ресейдің Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы; патша өкіметінің құлауы.
1917 ж. шілде — Орынбордағы бірінші жалпықазақ съезі. “Алаш” партиясының құрылуы.
1917 ж. қараша — Түркістан автономиясын жариялаған мұсылмандар съезі (Қоқан қаласы).
1917 ж. желтоқсан — Орынбордағы Алаш автономиясын жариялаған екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
1917 ж. 24—25 қазан — Петроградтағы Қазан төңкерісі.
1917 ж. — депутаттар кеңестері мен қазақ ұлттық комитеттерінің құрылуы.
1918 ж. 21 қаңтар — РСФСР ХКК “Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату” туралы декреті шықты.
1918 ж. көктем — 1920 ж. маусым — Азамат соғысы мен әскери интервенция.
1918 ж. қараша — Мәскеуде мұсылман коммунистерінің бүкілресейлік І съезі болып өтті.
1919 ж. мамыр — Ағарту халкомы жанынан үгіт пункттерінің Орталық партиясы құрылуы.
1919 ж. 10 шілде — Қырревком құрылған.
1919 ж. 10 шілде — Қырғыз (Қазақ) революциясылық комитетінің құрылуы.
1919 ж. қазан — В.И. Лениннің ұсынысымен ВЦИК-тің РСФСР ХКК Түркістан ісі туралы комиссия құрылды.
1919 ж. 26 желтоқсан — РСФСР ХКК декреті бұқаралық сауаттылық жолындағы күрестің басы болды.
1919 ж. — алғашқы мемлекеттік ғылыми мекеме “Алматы жеміс-жидек станциясы” құрылды.
1920 ж. 30 сәуір — РК(б)П-ның Қырғыз (Қазақ) облысының бюросы құрылды.
1920 ж. тамыз — партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды.
1920 ж. 26 тамыз — Қазақ автономиялық Кеңес Социалистік республикасы құрылды.
1920 қыркүйек — 1940 ж. — РСФСР ХКК декретімен рабфактар ашылып жұмыс істеді.
1920 ж. — Семейде тұңғыш ауыл шаруашылығы техникумы ашылды.
1920 ж. 6 қараша — РСФСР Ағарту халкомы қасында саяси-ағарту комитеті іске қосылды.
1920—1924 жж. — Республика астанасы — Орынбор.
1921 ж. 11—18 маусым — Орынборда І Қазақстандық облыстық партия конференциясы өтті.
1921 ж. 7—13 шілде — РКЖО-ның Бүкілқырғыздық (Қазақстандық) облыстық съезд өтті.
1922 ж. — КСРО-ның құрылуы.
1923 ж. — РСФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрады.
1923 ж. — “Талап” қоғамы.
1924 ж. ақпан — Қазақстанда Бүкілодақтық “Сауатсыздық жойылсын” қоғамының бөлімшесі құрылды.
1924 ж. — Жетісу мен Сырдария облыстары бөлігінің Қазақстан құрамына қосылуы.
1924 ж. — “Өлкелік өсімдік қорғау станциясы” құрылды.
1924 ж. 23 қаңтар — Спартак атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары, Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары құрылды.
1924—1925 жж. — Қазақстанға Сырдария және Жетісу облыстарының аумағы қайтарылды.
1925 ж. 19 ақпан — РК(б)П ОК Қазақстан Өлкелік комитеті етіп қайта құру жөнінде қаулы қабылдады.
1925—1933 жж. — Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин. “Кіші Қазан” науқаны.
1925—1929 жж. — Республика астанасы — Қызылорда.
1925 ж. — пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ қауымдастығы құрылды.
1926 ж. наурыз — І Бүкілодақтық түркологтер съезі өтті.
1926 ж. — “Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты” құрылды.
1926 ж. — Қызылорда қазақ театры ашылды.
1927 ж. 29 наурыз — “Көшпелі жартылай көшпелілерді отырықшыландыру туралы” қаулысы.
1927—1931 жж. — Түрксіб темір жолының салынуы.
1928 ж. 27 тамыз — “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” қаулысы.
1928 ж. күзі — латын негізіндегі қазақ алфавитінің жобасын ұсынды.
1928 ж. — тұңғыш жоғары оқу орны — Қазақ педагогикалық институтының ашылуы.
1928 ж. — республикада тұңғыш ЖОО — Қазақ педагогикалық институты ашылды.
1928 ж. — “Восток кино” тресінің республикада өз бөлімі ашылды.
1929 ж. 18 тамыз — Мәскеуде КСРО пионерлерінің І Бүкілодақтық слеті ашылды.
1929 ж. — Республика астанасы Алматыға көшірілді.
1929 ж. — Қазақ Зоомалдәрігерлік институты ашылды.
1930 ж. — халыққа қарсы қуғын-сүргін жылдары.
1920—1930 жж. — қазақтарды күштеп отырықшыландыру мен ұйымдастыру жылдарында қазақтардың жаппай аштан қырылуы, шетелдерге көшуі.
1930 ж. 27 тамыз — Жалпыға бірдей білім беру декреті жарияланды.
1930—1931 жж. — ОГПУ-дің ГУЛАГ, КарЛАГ жүйесінің құрылуы.
1931 ж. — Медицина институтының ашылуы.
1932 ж. наурыз — КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.
1932 ж. — Алматыда Театр-музыка техникумы ашылды.
1933 ж. — Алматыда музыкалық студия ашылды.
1933 ж. 5 қыркүйек — Орыс драма театры ұйымдастырылды.
1933 ж. күзі — Қазақ драма театры жеке ұғымға айналды.
1933 ж. күзде — Алматыда Кәсіпқой ұйғыр ұлттық театры құрылды.
1933 ж. — Республикада Суретшілер одағы құрылды.
1934 ж. — Қазақ Мемлекеттік университетінің ашылды.
1934 ж. 15 мамыр — “Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы” қаулы қабылданды.
1934 ж. 12—18 маусым — Қазақстан жазушыларының І съезі өтті.
1934 ж. маусым — халық Өнер қайраткерлерінің І слеті өтті.
1934 ж. 14 қыркүйек — студия мемлекеттік музыкалық театр болып өзгерді.
1934 ж. — Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды.
1934 ж. — республикада “Қазақ әдебиеті” баспасы ашылды.
1935 ж. — Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясы құрылды.
1936 ж. мамыр — Мәскеуде Қазақстан Әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.
1936 ж. — КСРО Конституциясына сәйкес ҚАХСР-і одақтық республика болып қайта құрылды.
1936 ж. — Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы.
1936, 1944—1945 жж. — Батыс Украинадан, Беларуссиядан поляк, неміс қоныс аударылғандардың келуі.
1937 ж. — Қызылордаға Владивостоктың Қиыр Шығыс өлкелік корей драма театры көшірілді.
1937 ж. 5—12 маусым — Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының І съезі өтті.
1937—1938 жж. — Қиыр Шығыстан Қазақстанға корей ұлтының күштеп көшіріп әкелудің басталуы.
1937 ж. — күрдтердің Орта Азия мен Қазақстанға көшіруінің басталуы.
1938 ж. — КСРО-ның қазақ филиалының құрылуы.
1938 ж. — КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды.
1939 ж. — жалпы Республика бойынша қазақтардың үлесі 38% болды.
1939 ж. — Қазақстан халқының сауаттығы 76,3%-ға жетті.
1940 ж. —латын қарпін кириллицаның ауыстыруы.
1940 ж. екінші жартысы — 50 ж. басы — “идеологиялық шабуыл”. Көрнекті ғалымдар мен өнер адамдарының қуғындалуы.
1941 ж. — Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қазақ филиалы құрылды.
1941—1945 жж. — Ұлы Отан соғысы.
1943—1944 жж. — қарашай, балқар, шешен, ингуш, қалмақтардың Қазақстанға күштеп көшірілуі.
1944 ж. — татар, болгар, грек, месхеттік түріктердің Қазақстанға күштеп көшірілуі.
1946 ж. — 1 маусым айында Қазақстанның ғылым академиясы ашылды.
1947 ж. 21 қаңтар — “ҚазКСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулы.
1947 ж. — Семей полигонының салынуы.
1949 ж. 29 тамыз — Семей полигонда бірінші сынақ болған.
1950 ж. — жалпыға бірдей жетіжылдық білімнің енгізілуі.
1951 ж. қазан — Пешаварда “Қазақ босқындарының шығыстүркістандық қауымдастығы” құрылды.
1952 ж. 13 наурыз — Түркия үкіметінің шығыстүркістандық қазақ босқындардың Үндістан, Пәкстан және Сауд Арабиясынан Түркияға көшіп келуге рұқсат беруі.
1953—1964 жж. — КОКП ОК-ның Бас хатшысы — Н.С. Хрущев.
1954 ж. ақпан-наурыз — КОКП ОК Пленумы болып “Елде астық өндіруді одан әрі арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” мәселе қаралды.
1946—1954 жж. — Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.
1954—1959 жж. — Республикаға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 1 млн 500 мың адамның көшіп келуі.
1955 ж. 12 ақпан — КСРО үкіметінің қазақстандық Төретам станциясының маңынан полигон құру туралы жабық шешімі шықты, бұл Байқоңыр ғарыш айлағы еді.
1955 ж. тамыз — 1956 ж. наурыз — Л. И. Брежнев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.
1956 ж. наурыз — И. Д. Яковлев, 1957 ж. қыркүйек — 1960 ж. қаңтар — Н. И. Беляев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.
1957 ж. ақпан — Халық шаруашылық кеңестері құрылды.
1959 ж. — Халық санағы бойынша қазақ ұлтының республика тұрғындары арасындағы үлесі 30%-ға төмендеді.
1960 ж. 19 қаңтар — Д.А.Қонаев Қазақстан КОКП бірінші хатшысы.
1960 ж. — Қазақ диаспорасының Еуропа және АҚШ елдеріне таралып қоныстана бастауы.
1960 ж. — Жалпыға бірдей сегізжылдық білімнің енгізілуі.
1962 ж. — Ы.Ю.Юсупувтың Д.А.Қонаевты ауыстыруы.
1964 ж. 7 желтоқсан — 1986 ж. желтоқсан — Қазақстанда ҚКП ОК бірінші хатшысы — Д.А.Қонаев.
1965 ж. — Орталық өндірістік министрліктер қайта қалпына келтірілді.
1965 ж. — шаруашылық реформасы.
1966—1979 жж. — Азғыр атом полигоны.
1970 ж. — Жалпыға бірдей орта білімнің енгізілуі.
1978 ж. — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
1985 ж. — КОКП ОК-нің Бас хатшысы М.С.Горбачев. Қайта құру бағдарламасы.
1985—1991 жж. — қайта құру кезеңі.
1986 ж. 17—18 желтоқсан — Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Республика басшылығының ауысуы.
1989 ж. 22 қыркүйек, 1997 ж. шілде — Қазақстандағы Тілдер туралы заңдардың қабылдануы.
1989 ж. — Невада — Семей экологиялық қозғалысының құрылуы.
1990 ж. 24 сәуір — республика президенті орнының енгізілуі.
1990 ж. 25 қазан — Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 ж. 29 тамыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.
1991 ж. 18 қараша — “Өзге республикалар мен шетелдерден Қазақ¬с¬танға келіп, ауыл шаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт өкілдерін көшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы” қаулы қабылдады.
1991 ж. 16 желтоқсан — ҚР тәуелсіздігі туралы Заңның қабылдануы.
1991 ж. 16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіздігінің жариялауы.
1991 ж. — Семей ядролық полигонының жабылуы.
— Қазақстан Компартиясының таратылуы.
— Қазақстан Президентін сайлау.
1991 ж. — шетелдегі қазақтардың ішінен алғаш Монғолиядан оралмандардың келе бастауы.
1991 ж. — Мәскеудегі қазақ жастарының мәдени қоғамы “Мұрагер” өз жұмысын бастады.
1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдануы.
1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ құрамына кірді.
1992 ж. 4 маусым — Мемлекеттік елтаңба мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы айшықтанды.
1992 ж. 28 қыркүйек — 4 қазан — Алматыда қазақтардың дүниежүзілік бірінші құрылтайы өтті.
1992 ж. қазан — БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Н.Назарбаев АБӨ СШ (Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары) ұйымды қолдап сөз сөйледі.
1992 ж. күзде — Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы құрылды.
1992 ж. — Қазақстан Республикасының “Көші-қон туралы” Заңы қабылданды.
1993 ж. 28 қаңтар — ҚР бірінші Конституциясы қабылданды.
1993 ж. сәуір — мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
1993 ж. — “Болашақ” бағдарламасы қабылданды.
1993 ж. күзі — Кеңестер төменгі құрылымынан бастап өздері тарата бастады.
1993 ж. 15 қараша — ҚР-ның өз ұлттық валютасы — теңге айналымға кірді.
1993 ж. 13 желтоқсан — Қазақстан “Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге” қол қойды.
1994 ж. наурыз — Мәскеуде Президент Н.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
1995 ж. 1 наурыз — ҚР Президенті жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы.
1995 ж. 30 тамыз — республикалық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды.
1996 ж. — ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы” жарлығы шықты.
1996 ж. — ҚР “Мәдениет туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 20 маусым — “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 11 шілде — “Қазақстан Республикасындағы Тілдер жөніндегі заң” қабылданды.
1997 ж. 10 қазан — ҚР 2030 ж. дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.
1997 ж. қазан — “2030” Қазақстанның даму стратегиясы.
1997 ж. — Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.
1997 ж. — “Көші-қон және демография агенттігі” құрылды.
2001 ж. — ҚР-ның “Ғылым туралы” заңы қабылданды.
2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзiлiк құрылтайы болып јттi.
2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласындағы қазақтарды» Екiншi дүниежүзiлiк құрылтайы.

Халел Досмухамедов

Қазақ тіліндегі рефераттар - Тарих

Халел Досмұхамедов (1883-1937)

Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 ж. сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.  1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.  1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Халел Досмұхамедов, Алашорда үкіметінің Орал облысынан сайланған белді мүшесі, Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, жан-жақты білімпаз-ғалым, мамандығы жағынан әскери дәрігер. 1883 жылдың 24 сәуірінде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, №4 ауылында дүниеге келген. Алғашында Ойыл болыстық қазақ мектебінде оқып, 1895 жылы тамыз айында Орал әскери жолды училищенің дайындау бөліміне түсіп, училищені 1903 жылы кілең 5-ке бітіріп, сол жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын 1909 жылғы 17 қарашада үздік емші-дәрігер атағымен бітіріп шығады. Бір қызығы, академияда оқып жүрген кезінде, сол кездегі қалыптасқан тәртіп бойынша, академия бастығының 1908 жылғы 10 желтоқсандағы рұқсатымен Тоқтыбаев Сағира Жұмағашқызына үйленеді. Академияда оқып жүргенде-ақ ол баспасөз беттерінен империяда болып жатқан әр түрлі саяси толқулардың мән-жайын түсіндіріп, оның шет ай­мақтағы қазақ даласын қамту мүмкіндігін ашып айтып, оған алдын ала дайын отыруын ескертеді. 1905 жылы Теке (Орал) қаласында бес болыстан жиылған сиезге қазақ оқығандары Ресей кадет партиясының үлгісімен саяси ұйым құруға әре­кеттенеді. Олардың арасында студент Халел де бар болатын.
Академияны бітірген соң міндетті медициналық қызметін не әскери, не теңіз салаларында өтеуге тиіс болғандықтан, әр түрлі әскери бөлімшелер­де әскери дәрігер қызметін атқарады. Оба індетіне қарсы күресті. 1913 жылы міндетті әскери қызметінен босап, Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болады. Сол кезеңдерде «Қазақ» газетінде жұқпалы аурулардан қорғану, әр түрлі жалған емшілерге емделмеу сияқты пайдалы кеңестер ұсынады. Кітапша да шығарады.
Ақпан төңкерісінен соң ұлтжанды азамат ретінде Халел де туған халқы­ның болашағы үшін саяси күреске араласады. Орал облыстық қазақ сиездеріне қатысып, әр түрлі заң жобаларын дайындап ұсынады.
1917 жылы мамыр айында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. 1917 жылы шілдеде өткен жалпы қазақ сиезінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Сол жылғы желтоқсанда өткен жалпы қазақтың сиезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне Орал облысы атынан сайланады. 1918 жылғы наурыз айында Жанша Досмұхамедовпен бірге Кеңес үкіме­тінің басшысы В.И.Ленин және И.В.Сталинмен кезігіп, келіссөз жүргізіп, олардың алдына біршама талаптар қойып, біраз ақшалай жәрдем алуға қол жеткізеді.
1918 жылдың мамыр айында Жанша екеуі Оралда сиез ашып, онда «Ойыл уалаятының уақытша үкіметін» жариялайды. Әскер жасақтайды. Кіші әскери мамандықтарын даярлайтын оқу орнын ұйымдастырады. Қа­зақ жасақшыларына қару-жарақ алуға, банк ашуға, баспахана ұйымдас­тырып, газет шығаруға көп еңбек сіңіреді. 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында өткен алаш басшыларының жиналысында «Жер шалғайлығы мен жол қатынастарының нашарлығынан бүкіл елді бір орталықтан басқару қиындығын» ескеріп, «Ойыл уалаяты» ресми түрде мойында­лады. Оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат беріледі де батыстағы бірнеше уез жерін басқару құқын Азамат соғысы жылдарында Батыс алашорда бөлімшесінің әскери жасақтары әр түрлі ұрыс қимыл­дарға қатысады. Кеңес өкіметі орнаған соң басқа да алаш қайраткерлері сияқты ол да ел басқарудан оқшауландырылады.
1920 жылы Ташкентке, Түркістан өлкесіне келіп әр түрлі ғылыми, оқу-ағарту салаларында жемісті еңбек етеді. Педагогикалық білім тарату, оқу­лықтар жазып шығарумен айналысады. Жаңа терминдер қалыптастыруға ат салысады. «Табиғат тану», «Жануарлар», «Сүйектілер туралы», «Оқушылардың денсаулығын сақтау» және тағы басқа оқулықтар жазады. Халелдің ауыз әдебиетін жинастырып, баспа бетіне шығарудағы еңбегі зор. Махам бет, Мұрат ақынның жырларын, Шернияз бен Ығылманның толғауларын жинастыруда өшпес еңбек етті. «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», тарихи шежірелер туралы ғылыми зерттеу жұмыстары да өлшеусіз. Ташкенде «Сана» атты ғылыми-көпшілік, әдеби журналын шығарып тұрды.
1928 жылы ашылған қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Абай атын­дағы пед. унив) құруға белсене араласты. Университеттің профессоры атағын алды. 1930 жылы ұсталып, Воронежге жер аударылады. Онда дәрігерлік қызметте болып, 1935 жылы мерзімі бітсе де, сонда қалады. 1938 жылы қайтара ұсталынады да, 1939 жылғы үкіммен ату жазасына кесіледі. Сол жылғы 19 тамызда түрме ауруханасында аурудан қайтыс болады.
Халел – студент күннен-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы еді. Досмұхамедұлы Халел – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ қырғыз съезіне қатысады. Осында қазақ қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.
Жеке адамға табыну дәуіріндегі алғашқы қуғын сүргін зұлматына алдымен халқымыздың маңдай алды аяулы азаматтары ұшырағаны белгілі. Солардың бірі болып, КазПи де проректор болып жүрген Халел тұтқындалып, Воронежге жер аударылды. Сонда жүргенде қайта тұтқындалып, әуелі Мәскеу, содан соң Алматы түрмесінде отырды. 1937 жылы әскери трибуналдың үкімімен атылды. Халқыма қызмет етуден артық бақыт жоқ деп, бар мағыналы өмірін осы жолға арнаған аяулы азамат осылайша зұлымдықтың құрбаны болды. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.
Бір дерек:
Алғашқыда біз де Маратты көптің бірі деп ойлағанбыз. Әдеттегідей адам сөйлескенше деген, танысып барып білістік. Жүрегі жұртым деп жылап тұрған, қарапайым, намысқой, ұлты үшін басын тігуге бар. Қазір елуді еңсерген, қара еті еңбекпен піскен қайыстай қараторы жігіт ағасы.
– Өкініштісі сол, – деді ол, – біздің әулет өмірдің рахатын сезінбей өтті. Халел атам ұлты үшін  жаралған жан еді. Сол кезгі билік қуғындаумен болды. Ақыры түбіне жетті. Ал, ұрпақтары ше? Дені дұрыс қызмет бермей, төрт құбылаға тентіретіп жіберді. Соңына шам алып түскендер бір жерде тұрақтанып тұруға мүмкіндік бермеді. Оның ауыртпалығы мен ащы сабағын немересі мен де сезіндім. Алматы медицина институтының үшінші курсынан оқуды тастауға тура келді. Себеп – анамның 70 сом зейнетақысына қарап, күн көру мүмкін емес еді. Әкем ерте қайтыс болды. Тірі адам тіршілік етеді, амалсыз басымды бейнетке салдым...
Мараттың әңгімесіне қарағанда, көп мәселе көлеңкелі сияқты. Оны ашып айтатын уақыт туды. Біз бұған бармас бұрын, Халел Досмұхамедов кім болды, оны не үшін жазықты етті, енді соны сабақтайық. Халел Досмұхамедов 1883 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған құмында туған, Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті “Фикр” (Пікір), “Уральский листок” газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-18 жылдары “Қазақ” газетінде “Тамыр дәрі хақында”, “Сары кезік — сүзек”, “Жұқпалы ауру хақында” сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. “Как бороться с чумой среди киргизского народа” (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан  төң­керісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге “Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері” атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер – халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым – “Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін” жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған “Алашорданың батыс бөлімшесі” деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, “Еркін қазақ” газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жаны­нан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. “Табиғаттану”, “Жануарлар”, “Адамның тін тірлігі”, “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер”, т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі – сингармонизм заңын зерттеді, “Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы”, “Шернияз шешен”, “Алаш не сөз”, “Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана”, “Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі”, “Диуани лұғат ат-түрік”, “Кенесарының соңғы күндері”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. “Мұрат ақын сөзі”, “Исатай — Махамбет”, “Аламан” жинақтарын шығарды. 1924 жылы Ресей ҒА-ның Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланды, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі АлМУ) ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақ мемлекеттік университетінің  әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Ал, 1958 жылы 11 ақпанда ақталды. Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Жалпы, Халелден Рабиға, Әділхан, Сәуле, Қарашаш, Төле деген бес ұл-қыз тарайды. Мұның бәрі де жоғары білім алып, елге елеулі еңбек сіңірген. Бір қызығы әулеттен 13 ұрпақ ата жолын жалғап, дәрігер мамандығын иеленіпті. Бұл туралы толықтай айту бір мақалаға сыймайды. Сондықтан Қызылордаға қатысты жағын ғана қарастыруды ұйғардық. Досмұхамедовтер отбасына келген нәубет бала-шағасын тарыдай шашып жіберді дедік. Әділхан Сыр елін сағалады. Алдымен Шиелі аудандық ауруханасында, сосын республикалық алапес ауруын емдеу мекемесінде дәрігер болды.
О баста Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы дайындық курсын үздік бітірген жылы әкесін “халық жауы” ретінде Воронежге жер аударғанда, оның кесірі баласына да тиді. Әрі қарай оқудың сәтін салмады.
– Адам деген ең төзімді тіршілік иесі ғой. Қанша қиыншылық қыспақтаса да тауқыметке төтеп бере алған. Алдамшы өмірде де айтарлықтай асу бар, оған жеткен де кем болмасы анық. Әкем Әділхан Ұлы Отан соғысынан ауыр жараланып, І топтағы мүгедек болып келді. Бірақ бейнеттен қашпады. Өзін еңбегімен дәлелдеді. Апайым Қарашаш пен ағам Төле екі көзден қалса да ғылымға, өмірге ұмтылысын тоқтатқан жоқ. Ақыры ғылыми еңбегін зерттеп, қорғады. Міне, біздің әулет қандай нәубет төнсе де мұқалмай, мүмкіндігін мағлұм етті. Қазір атамнан тараған ұл-қыздың біреуі де қалмады. Немереден жалғыз мен тірімін.
Әкем Қызылордаға келгенде ешкімге тіс жарып айтпаса керек. Өйткені, “халық жауының” баласы деген жаман аттан әбден шаршаған секілді. Ол 1968 жылға дейін еңбек етіп, зейнетке шықты. Осы жерде бір айтарым, әкем кезінде мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевпен Алматыда, №14 мектепте, сосын ҚазМУ-дің дайындық бөлімінде бірге оқыған. Қарашаш апайым Қарғалы демалыс үйінде ОК-ның іс басқарушысымен кездесіп, оған әкем жайлы айтқан екен. Содан көп ұзамай Орталық комитеттен шақырту алды. Қонаев қабылдап, Алматыдан үй берді. Екеуі ұзақ сөйлескен сияқты. Димаш аға әкемнің басындағы жағдаймен таныс болатын. Іштегі қатып қалған шерін досына ақтарған ғой деп ойлаймын. Екі күн өтпей әкем ауруханаға түсті де, араға бірнеше уақыт салып өмірден өтті. Кейін білгенім, Қонаев әкемнің жиені Халел Досмұхамедов қорының президенті Динаны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындаған еді. Соған айтқан екен, ағаң өте үздік оқыды, бірақ арманына жете алмай кетті деп. Шынында, жер аударылып Воронежге барды, Астраханьда мединститутта оқыды, оны Алматыда әрең аяқтады. Әйтеуір сол кезгі саясат оқытпауға да, қызметке орналаспауға да әрекет етіп тырысты.
Мен Қызылордадағы №3 мектепті бітіргенмін. Алматыда, Астраханьда жұмыс жасадым. Қазір “Қыран-СТС” еншілес ЖШС-да директордың орынбасарымын. Атам атыраулық болса, әкем мен маған Сыр елі туған жеріміз. Жұбайым Ғалия екеуміздің Гүлназ, Әсел есімді екі қызымыз бар. Үлкеніміз ҚазҰУ биотехнология факультетіне грантпен оқуға түсті. Кішіміз “Парасат” мектебінде оқушы. 1994 жылы Атырау мемлекеттік университетіне Халел Досмұхамедовтің есімі беріліп, үлкен шара жасалды. Соған ұрпағын шақырып, құрмет көрсетті. Мені үлкен ілтипатпен төрге оздырып, кіші басымды көкке көтерді. Содан он жыл өткенде университетте әлгіндей шара тағы ұйымдастырылды. Бірақ бұл жолы басқа немере пайда болды. Соған әлі таңмын, ол кім деп. Себебі, менен басқа тірі немере қалмады ғой. Бәлкім, ұлы адамға ұрпақ болғысы келетіндер көп шығар, солардың бірі болар дедім. Оқу орнының басшыларына хат жазғым да келді. Ойлана-ойлана мынадай пікірге тоқталдым: расында, немере екенімді бәрі біледі. Одан артық не керек.
Қазір Халел Досмұхамедов атындағы қор жұмысын қайта жаңғыртсам деймін. Оған жергілікті билік иелері қолдау білдіріп жатса тіпті жақсы. Қазақ үшін жанын пида еткен марқасқаны тірілту әрбір азаматқа парыз екені айқын. Сондықтан қор жұмысы Қызылордада қанат жайды деген қандай абырой болса, сол жолда мен дайынмын, – деді Марат.
Иә, күнделікті күйбеңмен ескере бермейтін осындай жандар арамызда жүр. Біреуге алақан жаятындай адам емес, кәдімгі тектінің тұяғы десек жарасады. Оның Қызылорда үшін жасаймын деген жобалары өте көп. Жақсы тірлікті мақсаттаған Мараттан осындай әңгіме естідік. Бір қынжылатынымыз, айналамызда жүрген адамдарды әлі дұрыс танымайтынымыз екен. Барды бағалай алсақ, әлі кеш  емес.

А. Бөкейханов, Х. Ғаббасов, Х. Досмұхамедов


Яндекс.Метрика