1. Ресурсы
  2. Биология

Биология

Ішкі секреция бездері

Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология

Ішкі секреция бездері Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады-эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездері гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының нейросөлінісі бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы, бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б. Эндокринді жүйеге шығару түтіктері жоқ бездер жатады, бірақ организмнің ішкі ортасына активті физиологиялық активті заттар бөлетін (гормондар), организмнің гуморалді реттелуін қалыптастыратын, жасушалар тіндер мен мүшелердің қызметтерін күшейтеді немесе төмендетеді. Гормондар-ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсендетіп немесе үдетіп отыратын жоғары активті зат. Мысалы, ағзадағы зат алмасу процестері, дененің өсуі мен репродуктивті қызметтер де гармондарға байланысты. Ішкі секреция бездерінің құрылысындағы ерекшелігі, безден шығатын өзектері болмайды. Сондықтан бездерден бөлінген гормондар тікелей қан мен лимфаға бөлінеді. Осыған байланысты эндокринді бездер қан тамырларымен тығыз қамтылған. Ішкі секреция бездері қызметін бірнеше арнаулы әдістермен зерттейді.

1) Клиникалық бақылау - жеке бездердің қызметінде ауытқу байқалған организмге бақылау ұйымдастырылып, ауытқулар айқындалады.

2) Безді сылып тастау (экстирпация). Арнаулы операция жасап, безді алып тастайды да, организмде болатын өзгерістерді анықтайды.

3) Безді алмастырып отырғызу (трансплантация).

Бұл әдіс үш нұсқада қолданылады ауто-, гомо- және гетеротрансплантация. Алғашқы нұсқада без өзінің қалыпты орнынан сол организмнің басқа жеріне қондырылады. Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі бір организмнен екінші организмге кондырылады. Ал, гетеротрансплантацияда бір түлік малының безі екінші түлік өкіліне қондырылады. 4) Организмді қосарлау, немесе парабиоз. Арнаулы операция жасап, бір түрге жататын екі организмнің қан тамырын жалғастыра тігу арқылы ортақ қан айналым жүйесі қалыптастырылады. 5) Ішкі секреция бездері сығындысын немесе гормондар егу. Бұл әдіспен жасанды түрде бездің гиперфункциясы тудырылады. 6) Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, езгерістерін, бөліну жолдарын анықтайды. 7) Радиоавтография әдісі. Организмге молекуласында радиоактивті атомы бар гормон егіліп, белгілі бір мерзім өткен соң оның ұлпасынан тілім алады да, одан жұқа қиынды дайындайды. Осыдан кейін қиындыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық эмульсияға салады. Өңделген пленкада гормон шоғырланған жерде қара дақ байқалады. 8) Гормондарды химиялық және биологиялық әдістермен анықтау әдісі де практикада кең қолданылады. Ішкі секреция, немесе эндокриндік, бездер деп өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немссе сөлге (лимфаға) бөлетін, бездік құрылымы бар органдарды айтады. Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз — ішкі, «крино»— бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді:

1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады.

2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады. 1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады.

2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады.

3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады.

4— топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады.

5— топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.

Ішкі секреция бездеріне секреторлық құрылым тән. Олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мол жабдықталады. Безде қан тамырлары орасан көп капиллярлар торын құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.

Орталық жүйке жүйесі

Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология

Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады.

Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады. Тамақтану асты табу қозғалыстарына (бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді. Жоғарғы жүйке әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді. Ес – көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту. Оқушылардың жұмыс қабілеті тұрақты болмайды. Ол күні бойы, апта, жыл, өмір бойы кейде жоғары, кейде төмен болып өзгеріп отырады. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Ми қыртысының қозғыштығы таң ертең жақсы болып, түске дейін сақталады. Содан кейін біраз уақыт тежелу үстем болып 16-17 сағатта қозғыштық қайтадан жоғарылайды, бірақ ұзаққа созылмайды. Балалардың жұмыс қабілетінің өзгеруі динамикасы таң ертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін екі рет жоғарылап, төмен түседі. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне физиологиялық, физикалық және психикалық факторлар әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қыметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сытртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі - ойлау, дүниетану, пікір тудыру дегеніміз - жүйке жасушасы. Ол - жүйке жүйесі құрамындығы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоөрекеттік негізі. Нейтрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні, келемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон талықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Нейтроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли-опдарды) айтады.

Глия грек сөзі - желім дегей мағынада. Глиаксоны екі түрлі - астроциттер және өзара түйіспелер құрайды. Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де-несінен күннің сәулесі тәрізді жан-жақта таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендпоциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады. Бұл жүйенің аты латынның limbus - жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршағап құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орңаласқан: белдеуші қатпар (gyrus hippocampi) миндаль (бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп, мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігіп көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин (америка ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді (22-сурет). Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейін, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейееді. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Мұнымен қатар қуық, жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялыық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Айтылған вегентативтік әсерленіс гипоталамусты жеке тітіркендіргенде кездесетін әсерленістерге ұқсас, дегенмен тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен вегетативтік әрекеттердің реттелуі гипоталламустан көп жоғары дәрежеде өтеді. Лимбиялық қыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететіп іс-әрексті мен эмоцияның калыпптасуына қатысады. Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, вегетативтік және денелік, эндокриндік әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінің көрсетеді. Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гап-покампын алып тастаса, жақын арада болғап барлық окиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудын кейрондар тізбектері арқылы айналып жүруіне керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің негізін құрады. Есте сақтау бұл гиппокамп пен жаңа қыртыстың қызметі. Гиппокамп арқыпы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, мандай бөлімдерімен байланысады. Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады. Орталық жүйке жүйесінің негізгі кьпметі - рефлекс (ferlescsus -латын сөзі –тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин. Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде топ-талған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды. Бұл, біріншіден, түйііспелерде медиаторлар мөлшерінің, екіншіден, нейтрон денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады, қысқасы, бастапқы қозу келесіге жол салады, сөйтіп оның өтуін жеңілдетеді. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштін жиілігі мен күшіне тең бола бермейді. Жеке тітіркендіргішке жауап ретінде жүйке орталығында көптеген қозу толқындары пайда болады. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатып жауап (рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл үрдіс тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесін. Қоздыру ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірдей бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай құбылыс дивергенция (тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс - конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше нейроннан кепіп түскен серпіністердің бір немесе азғана нейронда жинауы. Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде басталатын. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл жасуша жұлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының бұтағы қоздыра ды. Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның аксонытның ұшыпан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) бөлініп шығады да оның әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші потенцил пайда болады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндсгі су бординация кұбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергеция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жалпы жол. Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістін тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жұлынның бір сегментін жартысында бұғу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозыт, бұгу орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокцииялық (жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді.

Дарвин Чарльз Роберт

Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология

Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы, натуралист, биологиялық эволюцияның негізін салушы. Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым. Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше-кореспонденті еді.

Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасыда туылған. 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты . Экспедицияның басты мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан, Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді.

Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты.

Одан соң ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш  түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны  Ч.Лейлдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатының көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты . Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын « Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы » жарыққа шығарады.

Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар: «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871ж) мен « Адам мен жануарлардын мінез – құлықтары » (1872ж). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығутегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады. Дарвиннің теориясында « адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады.

Дарвинизмнің ең басты қателігі оның “өмір – бұл күрес” дейтін ілімі. Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Бірақ бұл идеяны адамдарға қатысты қолдануға болмайды. Дарвинге жүгінсек, “артық¬шылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасайды. Мысалы Дарвин былай деп жазады: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өрке¬ниетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі. Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасында¬ғы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтай¬ды, қазіргі кезде ол негр немесе автралия¬лықтар мен гориллалар арасындағы¬дай сипатта”. Міне, атағы әлемге әйгілі ға¬лым¬ның сөзі осындай. Дарвиннің өз теориясын жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алғандығы белгілі. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай “(үздіксіз) перма¬нентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санайды Мальтус.

Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғы¬сынан өзін ақтай алады деп мәлімдеуі содан. Өнегелік құндылықтар мен рухани жетілу оның іштен шыққан “шұбар жыланы” — “өмір сүру үшін күрес” идеясының басты жауы болды

Дарвин мен Уолестің теориясы

1.Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән.

2.Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді. Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің, судың, жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды.

3. Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама – қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады.

4. Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп , ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу).

5. Түрлердің көбейіп, ұрпақ қалдыруы – пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп бекітілуі. Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектін арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады.

Антропология ғылымы

Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология

Жоспар:

 

  1. Антропология ғылымы
  2. Антропологиялық зерттеу әдістері
  3. Адамның шығу тегі туралы көзқарастар.

 

Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пәндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық және әлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады.

 

  1. Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.
  2. Морфология - әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді.
  3. Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді.
  4. Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді.

 

Антропологиялық зерттеу әдістері. Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талдайды. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады.

Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың шыққан тегі біреу және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген. Бірінші эволюцияның авторы Ж.Б.Ламарк, адамның шығу тегі туралы гипотезаларында бірінші болып «Зоология философиясы» (1809) атты еңбегінде көрсеткен. Ламарк, адамның шыққан тегі, екі аяғымен тіке жүруге бейімделген, ағашта тіршілік ететін, маймыл тұқымының біреуі деп есептеген. Адамның прогрессивтік ерекшеліктерінің пайда болуын, Ламарктың эволюциялық теориясы бойынша, мүшелердің жаттығуларының нәтижесі және олардың қажеттеліктерінің даму барысында ұрпақтан-ұрпаққа берілуі деп көрсетті. «Түрдің шығу тегі» деген еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабы шықты. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақта «Ақылды адамның» шығу процесі биолигиялық проблемаемес. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген Ф.Энгельс. Адамның шығу тегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмәні жоқ дәлелдемелердің қысылуымен адамның агтропоморфты бастамаларданшыққаны мойындалды.

Бауыр, өт, ұйқы безі қызметі

Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология

Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.
Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет.
Бауырдың атқаратын қызметтері:
•   ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
•    ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
•    ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
•   холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
•  он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
•  Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
• Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.

Өт мүшесі

Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады.

Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс.
Өт аурулары
Өтке қатысты мынадайауру түрлері бар:
Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т.б.
Өт сұйықтығы
Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар — гормондар мен дәрумендер.
Ас қорытудағы өттің қызметі
Бауырда жасалатын өт сұйықтығы барлық уақытта жасала береді. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады.
Бауырда жасалған кездегі өт сұйықтығы мен өтте жиналған кездегі өт сұйықтығында айырмашылық болады. Әсіресе, құрамында біраз айырмашылықтар байқалады. Мысалы, бауырда жасалған кезінде сұйықтықтың құрамында альбумин (суда ерігіш ақуыз) болса, өтке келіп жиналғанда өт альбуминдерді сорып алады. Сондай-ақ, билирубин мен минералды заттардың көп бөлігін өт сорып алады. Есесіне, өттегі өт сұйықтығындағы холестериннің мөлшері көп.
Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.
Бауырдың қызметі:
- улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);
- көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады;
- өтті өндіреді (күніне 1,5 л).
Өттің қызметі:
- ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
- майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
- май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
- аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
- ішектегі шіру процесін тоқтатады.

Ұйқы безі

Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.
Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.
Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.





Яндекс.Метрика