1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Наследие Шакарима для потомков»

Қазақ әдебиетінің бес арысының бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. 
22 тамызда сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 
Іс-шараның мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығымен, философиялық және аудармашылық жұмысымен танысу. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы - ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1858 жылдың 11-шілдесінде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім Абайға немере іні болып келеді. 
Шәкәрімнің анасы - Төлебике, Алдабергеннің қызы, Қаракесек руынан. Шәкәрімнің шығармалары оның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер мен фактілерді қамтиды. Ол екі революциядан, азаматтық соғыстан және Кеңес Одағының қалыптасуынан аман қалып, қудаланды, опасыздықпен жасалған шабуылдан қаза болды, өлгеннен кейін оның кітаптары жойылды. 
Ш.Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді. 
ukcbsАқынның шығармашылық мұрасы ауқымды, ұрпаққа берері мол. Дөңгелек үстел барысында Өлкетану бөлімінің қызметкерлері Г.Т. Абылғазинова және Каланчина И.Б. қатысушыларды Шәкәрімнің өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырады. Одан кейін аудиторияға әдебиетші Қ.Мұхамедхановтың «Шәкәрім» фильмінен үзінді көрсетіледі. Шарада Шәкәрімнің өлеңдері оқылып, аудармалары орындалады. 
Дөңгелек үстелге ақын-жазушылар Мағзұмов Т.Н., Пуссеп Г.Н., Матвеева Н.С., Қаңтарбаев А.Қ., Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының докторы А.Жұбандықов, қала мектептерінің әдебиетші мұғалімдері, «Шабыт» ақындар мектебінің мүшелері, кітапханашылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыспақшы. 
Шақырылған қонақтардың назарына кітап көрмесі ұйымдастырылып, Шәкәрімнің кітаптарына шолу жасалынады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.