1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Қазақтың қаһарман Қасымы»

Фоторепортаж
2018 жылдың 18-сәуірі күні сағат 13:00-де Орталық қалалық кітапханада (Е. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қаһарман Қасымы» атты патриоттық сағат өтеді. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысы кезеңінде партизан отрядтарын басқарды.

Халық қаһарманы және майдангер жазушы 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Ол басқарған партизандар отряды фашистік Германия әскерлеріне қарсы ерлікпен шайқасып, Украинаны, Белоруссияны, Карпат елдерін азат етуге қатысты. Соғыс жылдарында аты аңызға айналған біздің батыр тұлғалы жерлесіміздің тарихта және қазақстандықтардың жүрегінде қалдырған ізі мәңгілік.Патриоттық сағат аясында Қ.Қайсеновтің өнегелі өмірі туралы ақпараттар беріліп, мультимедиалық презентация мен «Қасым» көркем фильмінен үзінді (2015) көрсетіледі. Аталмыш шараға байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, викториналық сұрақтар қойылады.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.