1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


«Мүмкіндігі шектеулі, қабылеті шексіз»

Фоторепортаж

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың тағдыры әр түрлі болғанымен, мақсаты бір. Көздері ашық, көкірегі ояу, қайсар жандар. Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған фестиваль осы пікірді тағы да бір дәлелдеп өткендей.

Шараға «Ульба» МӘО, «Алтынай» мүгедектер қоғамы, ШҚО «Азина» мүгедек-әйелдердің ерікті қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты. Шара барысында фестивальға қатысушылар өздерінің бойда бар шығармашылық қабілеттерін көрсетті, би билеп, әсем ән әуеледі, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. «Алтынай» ҚБ жігіттері  де шабыттана ән шырқап,  көрермендердің әрқайсысына «жүрек жылуын» ұсынды, нақышына келтіре қазақ биін де орындады. «Ульба» МӘО келген Азамат Сайлаубай ән айтты. Фестивальдің ерекше бір тұсы - «Сұлу» дизайн мектебінің жетекшісі Сейілханова Жанар жүргізген моншақпен жұмыс жасау бойынша мастер-класс болды. Оның жетекшілігімен жігіттер сөмкеге арналған балмұздақ түріндегі ілгек жасап, аталмыш мектептен сыйлыққа ие болды. Іс-шараның соңында барлық көрермендер әсерлі флеш-мобқа шақырылды.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.