1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Жаңа жылдық ертеңгілік

Фоторепортаж
Жаңа жыл бұл – аңсаған армандардың орындалатын уақыты. Әрбір отбасы, әрбір адам осынау мейрамды асыға тосады. Жаңа жылда - балалар мерекелік көңіл күй кешіп, ерекше ғажайыпқа сенеді. Барлық адам Жаңа жыл кешінде бақытқа бөленіп, мейірімді бола түсетіндей.  25 желтоқсанда Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атыңдағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы және №3 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті бірлесіп әлеуметтік жағынан аз қорғалған және көп балалы отбасылардың балаларына арнап жаңа жылдық кеш өткізді. Жүздері бал-бұл жайнап, әдемі киімдерін киіп, ертеңгілікке келген балалардың қуаныштарында шек жоқ. Мерекелік безендірілген кітапхана іші балақайлардың риясыз күлкісіне бөленді. Әп-сәтте-ақ кәсіпқой артистерге айналған кітапханашылар мерекені қыздырды. Біреуі бұрқасын бейнесіне енсе, енді бір кітапханашы Аяз ата, тағы бірі Ақшақар мен Фея болып балаларды ертегілер әлеміне енгізіп жібергендей болды.  Ұл-қыздар Аяз атамен бірге қашықтықтағы саяхатқа қатысып, әр елдердегі жаңа жыл мерекелеріне куә болды. Осыдан кейін өздері де «Қара жорға» биін билеп, ән айтты, тақпақтар оқыды. Қызыққа толы Жаңа жыл кешінің соңында Аяз ата балалардың барлығына тәтті сыйлықтар тарту етті.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.