1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Туған өлкеге саяхат жасады

Фоторепортаж
Табиғат дегенде тылсымы ерекше Шығыс Қазақстан өлкесі мен үшін ең тамаша, ең көркем жер. Өңірдегі киелі жерлердің өздері бір төбе, келешек ұрпаққа мақтанышпен айтарлықтай тарихи орындарымыз да жетерлік. Бүгінде ШҚО-да туған өлкеге саяхат жасап, қызықты жерлер туралы егжей-тегжейлі әңгімелеу кеңінен таралып келеді. Әлбетте, бұл жергілікті туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді.

Өлкеміздегі туризм саласының дамуына атсалысып, туған өлкеге саяхат жасап, оның ғажайыптарын өзгеге дәріптеп жүрген азаматтардың бірі, жергілікті кәсіпкер, қоғам қайраткері - Мұхтар Тойбазаров.
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері М.Тойбазаров көтерген игі бастама аясында «Дикий Восток» атты үлкен шараға қатысып, кітап көрмесін құрды, шараға келушілерге викториналық сұрақтар ойнатып, танымдық ойындар ұйымдастырды. Әртүрлі ұйымдар мен мекемелер атсалысқан игі шарада қала жұртшылығы туған өлке табиғатына саяхат жасап, егжей-тегжейлі ақпараттарға қанығып, үлкен әсермен тарқасты.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.