1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Фан-клуб!?

Фоторепортаж

Бұл туралы естігенде, мегаполис жұлдыздары туралы ассоциация пайда болады... сөйтсек біздің қаламызда да фан-клубтар бар екен! Ал, мен олармен қалай таныс болдым. Біздің кітапханаға бір қыз келіп, жастар театры фан-клубының жетекшісі Жансая Құмашқызымын деп өзін таныстырды. Жансаяның айтуынша, клубтың мерейтойына орай құрметті жанкүйерлермен кездесу ұйымдастырғысы келеді екен. Қысқа әңгімелесуден кейін, мен олардың әзірге аз екендігін білдім: басты құрам - жұмысшы жастар, фан-клуб ретінде олар спектакльдердің дайындықтарына қатысуына, суретке түсіруге және суреттерді Instagram бетіне қоюға рұқсат етілген. Сонымен, Орталық қалалық кітапхананың қонақжай бөлмесінде алғаш рет актерлердің фан-клуб мүшелерімен кездесуі өтті!!! Дулат Оқасов, Ыбырай Ескендір, Жантай Марат, Заңғар Ақаев, Аяулым Тұрысбекова, Бексейітова Мадина, Жақсылық Бағдатов, Айгүл Хамитова, Мадина Советова және жастар театрының директоры Дарын Қалибеков сынды театр ұжымы қонаққа келді. Кездесу барысында актерлер түрікше, корей тілінде ән шырқап, фортепиано, гитарада, әрине, домбырада ойнап, халық әндерін орындап, естен кетпес таңғажайып өнер кешін жасады. Олар шара барысында мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы, өмірдегі қызығушылықтары жайында айтып берді. Кездесу барысында бүгінгі жастардың қалай өмір сүретіндігі, оларды не қызықтыратыны, олардың неге алаңдайтыны туралы тақырыптар талқыланды ... Қазақстан Президентінің жолдауында келер жыл – «Жастар жылы» болып жарияланды! Жастар, біз сіздерді ұсыныстармен, идеялармен, тың жобалармен күтеміз!

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.