1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Өскемен қаласының 100 жаңа есімі»

Фоторепортаж
19 қазанда сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада  «Өскемен қаласының 100 жаңа есімі» аймақтық жобасының кандидаты Ескермесов Диас Мұратұлымен кездесу өтеді.
1999 жылы 23 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген.  Қазіргі кезде ЖаңаАхмер  ауылында тұрады.
Диас Ескермесов – облысымыздағы атақты спортшылардың бірі, мүгедектерге арналған ат спорты бойынша әлем чемпионы. Ауруына байланысты (ДЦП) параолимпиада қозғалысының мүшесі болды.

2014 жылы  мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ат спорты бойынша Мәскеуде өткен Д. Хоперии атындағы  ашық кубокқа қатысып, алтын медальді жүлделеді.
2015 жылдың шілдесінде Лос-Анджелесте (АҚШ) өткен Дүниежүзілік жазғы арнайы олимпиада ойындарына қатысып,  Қазақстанның үш спортшысымен бірге елімізді халықаралық деңгейде танымал етті. Осы ойындарда жеті мың спортшының ішінде - 129 адам ат спорты пәні бойынша жарысты. Диас төрт пәннің үшеуіне қатысып,  үш медаль - алтын, күміс және қола жеңіп алды.
2015 жылдың соңында Диастан зиятына байланысты  ауытқушылығы бар деген диагноз алынып, колледжге түсу мүмкіндігіне ие болды. "Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі" КММ, 2 курс студенті. ЭЕМ операторы.
Тағы бір жеңісі -  музыкалық мектептің фортепиано класын қызыл аттестатпен бітірді. «Жұлдыз-ай» байқауында екінші орынды жеңіп алды. Армрестлингпен айналысатын Диас облыстық және республикалық ойындарда алтын, күміс жүлделерін иеленді. Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Диас қайсарлығы мен төзімділігінің нәтижесінде 2020 жылы Токиода өтетін Әлем параолимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 
Біз Диасқа өмірде және спортта  ақ жол тілейміз!

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.