1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Қоңыр қалжың» кітабының тұсаукесері өтті

Фоторепортаж
Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, ақын, журналист Мұратхан Кенжеханұлының «Қоңыр қалжың» шарж кітабының тұсаукесері өтті. Кездесу кеші әнмен әрленіп, өлеңмен өрнектеліп, сырлы сұхбатпен өрбіді. Ақынның шығармашылығын сыйлап келген ел ағалары Түсіпхан Түсіпбекұлы, Уәлихан Тоқпатаев кітаптың тұсауын кесіп, ақ жол тіледі. Ақтаңгер ақын Абаш Кәкенов әуелетіп ән салса, жас ақын Тасқын Болатұлы төгілдіріп арнау айтты. Қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің мүшелері Жеңіс Оразай, Алтынғадыс Күнтуған, Естай Жаңабаев қатарлы жас ақындар өлеңмен шашу шашты. Ақын оқырман қауыммен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті. Кешке келген құрметті қонақтар мен қаламгерлер сөз алып, кеш иесіне лебіздерін білдірді. Әзіл-қалжыңы жарасқан әдеби кеш көпшіліктің көңілінен шықты.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.