1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Өскеменде «Атом апталығы» өтті

Фоторепортаж

Астана қаласындағы Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталық 1-4 қазан аралығында Өскеменде болды. Мақсаты: техникалық білімді, заманауи технологияны және ғылым жаңалықтарын насихаттау, экологиялық сауаттылықты арттырып, радиация туралы қорқыныштарды азайту, Қазақстан ядролық қоғамымен бірлесе отырып атом саласына деген жағымды көқарас қалыптастыру.

Осы орайда Үлбі металлургия зауыты («ҮМЗ» АҚ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚРҰЯО) бірлесе отырып «Өскемен қаласындағы атом апталығы» атты акция өткізді. Осыған орай, 2 қазанда сағат 10:30-да Орталық қалалық кітапханада Өскемен қаласы әкімдігі жанындағы Жұмысшы жастар кеңесінің ұсынысымен және кеңес төрағасы М.Бәйтерековтің басшылығымен №17 орта мектептің 10 сынып оқушылары және ұстаздарымен кездесу өткізілді. 
Жүздесу барысында «Өскемен қаласындағы атом апталығы» акциясын ұйымдастырушы және модератор, Астана қаласындағы Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықтың директоры Сейіт Әлиев атом өнеркәсібінде жұмыс істеу үшін қандай мамандықты меңгеру қажеттігі туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Осыдан кейін тақырыпқа байланысты танымдық викторина ойынын өткізіп, білімімен дараланған оқушыларға түрлі тартулар табыс етті. Өз кезегінде Курчатов қаласының Экология және радиациялық қауіпсіздік институтының қызметкері Әмір Қайыржанов оқушылар назарына 3 ақпараттық қабырға газетін көрсете отырып, Семей полигонындағы сынақтардың тарихы, ғылымның заманауи айырықшылықтары, еліміздегі атом өнеркәсібі саласы, радиациялық қауіпсіздік институтының болашақ басты бағыттары және радиацияның табиғи пайда болуы тақырыптары бойынша саяхат ұйымдастырды. Сонымен бірге, залда СЗП интерактивті картасы орналастырылып, арнайы көзілдіріктің көмегімен оқушылар СЗП-дағы сынақ алаңдарының «Тәжірибе алаңы», «Балапан» және «Атом көлі» сияқты маңызды нысандарын қашықтықтан көру мүмкіндігіне ие болды. Кездесу соңында Астана қаласының атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталығы техникалық білім мен заманауи технологияны және ғылым жаңалықтарын насихаттау, экологиялық сауаттылықты арттырып, радиацияға деген қорқыныштарды азайту мақсатында №17 орта мектеп кітапханасына осы тақырыптағы кітаптар мен үлестірме материалдар тарту етті.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.