1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Портрет эпохи Независимости»

Фоторепортаж
«100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Альмира Жылкашыновамен жүздесу. 2018 жылдың 26 қыркүйегінде, сағат 14:00-де Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Портрет эпохи Независимости» тақырыбымен «100 жаңа есім»  республикалық жобасының жеңімпазы, физик-ғалым Альмира Михайловна Жылкашыновамен кездесу өткізіледі. Шараның мақсаты: Арман-мақсатына жетуде талмай ізденіп, бүгінгі таңда туған жерін өркендетуге ерен үлесін қосып жүрген жерлесімізді үлгі ете отырып, жас ұрпақты Отанды сүюге, ұлт құндылықтарын құрметтеуге және рухани - адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Жылкашынова Альмира Михайловна - Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымдық пайдаланудағы ұлттық зертхананың инженер-зерттеушісі. 1981 жылы, 21 қыркүйекте Өскемен қаласында өмірге келген. Мектепті бітірген соң, 1999 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-не «физик-инженер» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2004 жылы осы мамандық бойынша диплом алып, осы жылы «Физика» мамандығы бойынша магистратурада білім алуды жалғастырады. Жас ғалым-физик Альмира Жылкашынова 40 градустық суықта да энергия көзін өндіретін жел генераторын ойлап тауып, «Шапағат-2015» атты республикалық өнертапқыштар байқауында жеңімпаз атанған. 2009 жылы университет негізінде ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертхана құрылды. Қазіргі таңда ғалым Альмира Жылкашынова осы зертханада қызмет етуде. Міне, жас болсада ғылымға елеулі үлес қосып үлгерген Альмира Жылкашынованың басқа да табыстары  туралы тәлімді әңгімені ғалымның өзінен естігілеріңіз келсе, кездесуге келіңіздер! Жауапты тұлға: Жиенбекова Ж. М. Байланыс тел: 8 7232 25 17 70.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.