1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Мы - наследники Победы

Фоторепортаж
Біз бейбіт күнде, дәулетті де сәулетті тәуелсіз дархан елімізде уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз үшін ата-бабаларымызға шексіз алғыспен тағзым етеміз. Бағзы заманнан бастап, бұдан 73 жыл бұрын аяқталған соғысқа дейін біздің  осынау мамыражай тірлігіміз үшін қаншама боздақтар  жанын қиып, қаншама аналар жасын төкті десеңізші.

Олар тауқыметке табандылықпен қарсы тұрған көзсіз ерліктері мен қайсарлықтарының арқасында біздің ұшса құстың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы тозатын кең байтақ жерімізді бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Қаһарман халқымыз Ұлы Отан соғысында да қиындыққа қайыспай қарсы тұра білді. Қан майданда азаматтар ажалмен арпалысса, тылдағы халық «Бәрі жеңіс үшін» деген ұранымен қажымай еңбек етіп, жеңіске қол жеткізді. Аға ұрпақтың осынау ғажап ерлігі  ғасырдан ғасырға жетіп, ел есінде мәңгілік қалатын болады.  Осыны  мақсат тұтқан Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері және қала мектептерінің кітапханашылары мен оқушылар бірлесіп «Мы - наследники Победы» атты Өлкетану квестін ұйымдастырады. Ойын-квест 4 мамыр күні, сағат 10:00-де Облыстық этнографиялық мұражай қорығының оң жағалаудағы кешендік Жеңіс ескерткішінің жанында өткізіледі. Ойын жеңімпаздарын марапаттау салтанатына  соғыс және еңбек ардагерлері қатысады. Құрметті ағайын, сіздердерді рухты шараға шақырамыз!

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.