1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Год без Егорова»

2018 жылы, сәуірдің 25 жұлдызында Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Год без Егорова» атты Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер-жазушы А. И. Егоровты еске алу күні өтті. Әр адамның өмірі - оқылмаған кітап, жазылмаған тарих секілді. Бір жанның өмірі елеусіз ғана өтіп, уақыт тұңғиығына жұтылып, ұмыт болады. Ал, енді бір адамдікі мағыналы өтуімен ұрпаққа ұлағат болып қалады. Сондай ғұмыр иесінің бірі - Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы А. И. Егоров. Александр Иванович Егоров Зырян ауданының Кутиха атты алақандай ғана ауылында дүниеге келген. Қанқұйлы соғысқа қатысып, дәм-тұзы тартып Отанына оралған соң, ел ертеңі үшін еңбек етті. Қызмет жолын  «Жазушы», «Ара-Шмель» сияқты белді баспаларда жалғастырды. Қаламы қарымды, жігерлі, белсенді қызметкер «Казахстанская правда» газеті бас редакторының орынбасары қызметін де абыройлы атқарды. Қызмет ете жүріп әдебиет пен мәдениетке өзіндік үлесін қосқан  азамат 2017 жылы өмірден озды. Қуантарлығы сол, қаламгердің шығармашылығы бүгінгі ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеудегі рухани байлыққа айналды. Бұл күні жас буын өкілдері ақын шығармаларын оқып, майдангердің ұлағатты ғұмыры мен рухты жырларының өмірін жалғады, сондай-ақ, шара қонақтары өз естеліктерімен бөлісті.  Ардагер жазушының ардақты есімі ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.