1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


«Вечный зов Родины»

Фоторепортаж
2018 жылы 3 мамырда Орталық қалалық кітапханада жазушы Анатолий Степанович Ивановтың 90 жылдық мерейтойына орай «Вечный зов Родины» атты әдеби кеш өтеді. Іс-шараның мақсаты: жерлес-жазушы А. Ивановтың шығармашылығымен таныстыру, зерттеу және насихаттау арқылы өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

А.С. Иванов (5.05.1928 – 31.05.1999) - жазушы, журналист, публицист, сыншы, сценарист, Социалистік Еңбек Ері, Өскемен қаласының құрметті азаматы. Әдебиеттегі жетістігі үшін Мемлекеттік сыйлықтардың иегері атанған, атап айтқанда: Ленин комсомолы сыйлығының және Әдебиет және өнер саласы бойынша М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері. 
А. Иванов – Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласында дүниеге келген, С. М. Киров атындағы ҚазМУ-да (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) оқыған. Семейдегі «Прииртышская правда» облыстық газетінде әдеби қызметкер, Новосібірдегі кітап баспасында редактор, «Сибирские огни» журналында бас редактордың орынбасары, «Молодая гвардия» журналында бас редактордың орынбасары (Мәскеу қ.), ал 1972-1999 жж осы журналдың бас редакторы болып қызмет атқарған. А. Иванов «Повитель», «Тени исчезают в полдень», «Вечный зов» атты роман, повестердің авторы. Кеш барысында А. С. Ивановтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасы дайындаған фильм көрсетіліп, аталмыш фильм авторы, журналист Вера Лазаревамен кездесу болады. Келушілер назарына белгілі жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылады. Шараға қалалық орта мектеп оқушылары шақырылып отыр.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.