1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345678


«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі»

Фоторепортаж
2018 жылдың 27-сәуірі күні, сағат 15.00-де Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен соғыс ардагері Хайролла Бақтыбаевтың өмір жолына арналған кеш өтеді.

Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту», «Ленин» ордендерінің иегері. Кеңес Одағының Социалистік Еңбек Ері, Республикамызға еңбегі сіңген кенші, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Хайролла Бақтыбаев Тарбағатай ауданы Покровка ауылында (қазір Маңырақ) 1925 жылы дүниеге келген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылдың 30 наурыздағы  Жарлығымен түсті металлургия саласында қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Х. Бақтыбаевқа  Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды. Қызыл Жұлдыз ордені, 2 дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту; Ленин ордендері және Социалистік Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызы, «Құрмет» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі;   «Еңбек ардагері», «Құрметті металлург» белгілерімен  марапатталды. Бүгінде Тәуелсіз елдің зейнеткер ақсақалы атанып, 93 жаста балалары мен немерелерінің ардақты атасы болып отыр. 
Шара қонақтары: Шығыс Қазақстан облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы А.С.Шерубаев; Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Қ. Ошақбаев; Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С. А. Ақанов; «Қазмырыш» АҚ ардагерлер кеңесінің төрайымы Г. С. Сорро; «Өскемен қ. әкімдігінің іс басқармасы» ардагерлер кеңесіне қарасты №8 бөлімшенің төрайымы Р. В. Катрук.
Кеш барысында ардагердің өмірі мен қызметі, соғыс жылдарындағы ерлігі жайлы айтылып, шара қонақтары жылы лебіздерімен бөліседі. Кеш иесінің құрметіне әндер шырқалып, кітап көрмесі ұйымдастырылады және кітапхана бойынша саяхат өткізіледі.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.