1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Язык на котором говорит вся планета»

Фоторепортаж
Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты Орталық қалалық кітапхана  (Е.П Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) сәуірдің 23 жұлдызында, сағат 11:00-де Халықаралық ағылшын тілі күніне арналған театрланған көрініске шақырады.

Мереке барысында ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 орта мектептің 3 сынып оқушылары жазушы Сергей Михалковтың «Три поросенка» ертегісі бойынша көрініс көрсетеді. Сонымен бірге, балалар кітаптарына арналған кітап көрмесіне ағылшын тілінде шолу жасалады. Жалпы, Халықаралық ағылшын тілі күні 2010 жылдан бері аталып өтілуде. Мерекені өткізудің мақсаты – Халықаралық тіл болып саналатын ағылшын тілінің маңызын түсіндіру және насихаттау. Елімізде 2016-2018 жылдарға арналып «100 қадам» Ұлттық жоспары аясында үш тілді білім беруді дамыту шараларының жоспары жасалып, қазіргі таңда қарқынды жүзеге асырылуда. Кітапханада өткізілмекші  аталмыш шара да осы жоспарды жүзеге асыруға бағытталған.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.