1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


О. Бөкей атындағы қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысыңыздар!

Фоторепортаж
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Орталық қалалық кітапхана қыркүйектің 20 күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, көркем сөздің хас шебері Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауын өткізеді.

Сайыскерлерге қойылатын талап Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінді оқу; Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларынан үзінді оқу; Белігі ақындардың Астана қаласының 20 жылдығына арналған бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу. Байқауға 16-25 жас аралығындағы үміткерлер қатысады. 
Алдын ала тапсырыстар қабылдау 2018 жылдың 31 мамырына дейін Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек поштасында қабылданады. 
Бұл байқаудың жеңімпазы 28 қыркүйекте өтетін облыстық байқауға жолдама алады. Аталмыш шара өмірден тәні озса да, жаны озбаған О.Бөкей рухының мәңгілік екендігін тағы да паш етпек.

 

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

2018 жылдың 20-қыркүйегінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Орталық қалалық кітапхана Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өткізеді.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
Байқаудың негізгі мақсаты - тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талапты, талантты жастарға қолдау көрсету және Оралхан Бөкейдің шығармашылық мұрасын халыққа жеткізу.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

- Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады;
- Кәсіби өнер саласының мамандары байқауға жіберілмейді; 
- Оқылатын шығармалардың ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы қажет;
- Үнтаспаларды (фонограмма) пайдалануға тыйым салынады;
- Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды;
- Үміткер оқитын шығармаларды жатқа білуі шарт.
ҚАТЫСУШЫЛАР 3 ТАПСЫРМА ОРЫНДАУЛАРЫ ҚАЖЕТ:
1. Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
2. Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларынан үзінді оқу;
3. Танымал ақындардың Астана қаласының 20 жылдығына арналған бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ НАЗАР АУДАРУҒА ТИІС:
- көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
- дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
- мәтінді таңдау талғамына;
- сахнада өзін-өзі ұстауына;
- сахналық образына.

ТАПСЫРЫСТАРДЫ  ҚАБЫЛДАУ:
Алдын ала тапсырыстар қабылдау 2018 жылдың 31 мамырына дейін Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек  поштасында қабылданады. 
Бұрынғы «Оралхан Бөкей оқулары» байқауының жеңімпаздары биыл өтетін байқауға қатыстырылмайды. Қатысушылар қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетуі қажет.
Тапсырыстарды қабылдау төмендегі мекен-жайда жүргізіледі: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. Орталық қалалық кітапхана
25-03-64.
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 2018 жылдың 28-қыркүйегінде өтетін облыстық байқауға қатысады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.