1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


«Жыр дүлділі» атты кездесу кеші өтеді

2018 жылдың 20 сәуірі күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында айтыстың ақтаңгері, ақын, журналист Серік Құсанбаевтың «Жыр дүлдүлі» атты оқырмандармен кездесуі өтеді. Шұрайлы тілмен шындықтың жебесін тартып, құнарлы ойын қара домбырасымен құндақтап жүрген айтыскер ақын көптеген Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері.

Кеш қонағы Серік Құсанбаев Зайсан қаласында дүниеге келген, Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей педагогикалық институтының түлегі. Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің қызметкері. Айтыс өнерімен бірге жазба поэзияға да ден қойған ақынның «Байғыз», «Жырлаумен өткен 20 жыл» атты кітаптары жарық көрген. Кездесуге қалалық «Шабыт» жас ақындар клубының мүшелері, белгілі ақын, жазушылар, журналистер және студенттер, кітапхана оқырмандары қатысады. Айтыскер ақын, журналист Серік Құсанбаев оқырман қауыммен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөліседі. Кездесу әнмен әрленіп, өлеңмен өрнектелмек. Баршаңызды арқалы айтыскер ақын Құсанбаев Серік Сәдуақасұлымен кездесіп, жырға қанып, сырласып, сұхбаттасып қайтуға шақырамыз.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.