1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345678


Алғыс Ағашы

1 наурызда еліміз «Алғыс айту күнін» атап өтеді. Осынау мейірлі мерекеге орай Орталық қалалық кітапхананың Балалар бөлімінде кішкентай оқырмандарға арналып ерекше шара өткізіледі. Нақты айтқанда, «Алғыс айту күні» әрбір бала жүрегінен шыққан ақ тілегін ілуге арналған «Алғыс ағашы» бой көтереді. Табиғат-ана қыс құрсауынан босанып, күннің көзі шуағын шашқан көктемнің алғашқы күні аталып өтілетін бұл мерекеге қаладағы Жас техниктер станциясының шеберлері де қатысып, өнертапқыш жастар өздері жасаған қолөнерлер көрмесін көпшілікке ұсынады. Құрметті ағайын, балалардың ақжарма тілектерімен жүректеріңізді жылытып, өнертапқыш жастардың өнердегі жаңалықтарымен танысқыларыңыз келсе, 1-наурызда біздің кітапханамызда мейман болыңыздар!  Көктемнің алғашқы күні, Алғыс айту күніндегі керемет мерекенің куәгері болыңыздар.

Біз сіздерді қуана қарсы аламыз!
Біздің мекен-жайымыз: Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана, Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.