1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345678


Дәстүрлі ІІІ қалалық Ғабдуллин оқуы өткізілді

Фоторепортаж 
2018-жылы 9-ақпанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) ІІІ қалалық Ғабдуллин оқуы өткізілді. Ақынның шығармашылық мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау мақсатындағы байқау «С.Ғабдуллиннің мұрасы» (зерттеу жұмыстары), «С.Ғабдуллинге арналған өлеңдер», «С.Ғабдуллиннің өлеңдерін мәнерлеп оқу» деген 3 бөлім бойынша өткізілді. Байқауға қазақ және орыс тілдерінде 105 талапкер қатысты. Олардың ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстары және ақынға арналған өлең-жырлар шараға дейін жабық түрде қаралды. Сонымен бірге, мәнерлеп оқудан бақ сынаған үміткерлер тыңдалып, қазылар алқасы қатысушылардың өнерін, талабы мен талантын бағалап, тиісті қорытындыларын жасады.
«С. Ғабдуллиннің өлеңдерін мәнерлеп оқу» бағыты бойынша «Ең үздік мәнерлеп оқушы» жүлделі орынын №6 орта мектебінің оқушысы Владимир Нұрали алды. «С.Ғабдуллинге арналған өлеңдер» бағыты бойынша №33 орта мектептің оқушысы Құндыз Тасқынбекқызы топ жарса, ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында І-орынды А.Байтұрсынов атындағы №20 мектептің оқушылары Рахымбаева Назерке мен Билялова Нұрай жеңіп алды. 
Белсенді қатысқан барлық үміткерлер алғыс хаттармен марапатталып, жүлделі орын алған қатысушыларға кітаптар мен дипломдар табысталды. 
Шара барысында С.Ғабдуллиннің өз дауысымен жазылған өлеңдері оқылып, ол туралы бейнефильм көрсетілді. Өз кезектерінде туыстары мен ақынның шәкірттері естеліктерімен бөлісті. Жас әншілер Ғылымхал Манайұлы мен Елдос және Ердос Бұланбаевтар әннен шашу шашып, шараны әрлей түсті.
Этнографиялық мұражай қызметкері Гүлжан Кашаку музей қорындағы ақынның өміріне, шығармашылығына қатысты материалдар мен өмірбаяндық фотосуреттері және жеке алғыс хаттары, дипломдары негізінде көрме ұйымдастырса, Өлкетану бөлімінің қызметкерлері «Өміріне өлеңін өзек қылған...» атты кітап көрмесін дайындап, көпшілік назарына ұсынды. 
Алдағы уақытта дәстүрлі ІІІ «Ғабдуллин оқуына» келіп түскен ғылыми жобалар мен арнау өлеңдер негізінде шағын кітапша жарық көрмекші.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.