1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


«Будущее начинается сегодня»

Фоторепортаж

Ұрпақтар сабақтастығы  – қоғам өміріндегі  ең маңызды құбылыстардың бірі: адам, тек ұрпақтың өкілі ретінде ғана тарихпен байланысы бар, тарихи үдерістегі білімді қатысушы болады, өйткені ол өткенді сақтайды, одан әрі дамудың векторын анықтайды.

2017 жылы 13 желтоқсанда, сағат 14.00-де Қалалаық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қала жастарының (Өскемен қаласының жастар орталығы, жастар мәслихатының депутаттары, Қ. Нұрғалиев атындағы колледждің белсенді студенттері, «Жасыл ел» студенттер жасағы, №17 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары) «Нұр Отан» партиясының Өскемен қаласындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Майраш Шайзадиновна Екібасовамен кездесу өтті. Кездесуге құрметті қонақтар: Ришат Кадырович Шалгынбаев - Защита сигналдық қашықтығы және байланысының бастығы және Алима Кабдульашимовна Алипова - Г. В. Плеханов атындағы РЭУ Өскемендегі филиалының директоры қатысты. Шараның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау. Барлық ұрпақ үшін қандай құндылықтар берік болып қалады? Аға ұрпақтың жас Тәуелсіз мемлекет құрудағы үлесі. Кездесуде Майраш Шайзадиновна өзінің өмір жолы туралы әңгімеледі: балалық шағы, білім алған кездері, тұлға ретінде қалыптасу кезеңі, өзінің азаматтық ұстанымы. Ұрпақтар сабақтастығының ерекше рөлін және жастардың өз елінің болашағына қосқан үлесінің маңыздылығын атап көрсетті. Қатысушылар М. Ш. Екібасованың қатысуымен тілші А. Кратенконың «Іскер ас» деректі фильмімен және Қазақстанда М. Ш. Екібасова басқарған жастар құрылыс жасақтары туралы слайдтар презентациясымен танысты.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.