1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345


«Страницы жизни»

23 қараша күні сағат 14.00 де Орталық қалалық кітапхананың қонақжай бөлмесінде (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында филология ғылымының кандидаты, ЖАК доценті, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің профессоры, Қазақ ССр-нің халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Құрметті профессоры В. Ф. Минаевтың жақында жарық көрген «Страницы жизни» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Владимир Филиппович - 90 басылымның авторы. «За заслуги в развитии университета» төс белгісімен және «Гордость университета» атты құрметті атағымен марапатталған. В. Ф. Минаев 2016 жылы 30 қыркүйекте өмірден өтті. В. Ф. Минаевтың ғылыми қызығушылықтары әлемдік мәдениет саласында, АҚШ әдебиеті мен киноматографиясында, ал 1998 жылы ШҚМУ-да «Журналистика» мамандығы  ашылғаннан бері қайтадан телеарнаның теориясы мен әдістемесі көлемінде қызмет атқарды. Жарты ғасыр көлемінде Владимир Филиппович тұрақты киношолушы ретінде облыстық эфирде телебағдарламаларда өнерді насихаттауда белсенділік  көрсетіп,  «Беседы о киноискусстве», «На киноорбите», «Кино и время», «Камертон», «Воскресный объектив», «Видеокомпас», «В мире кино и книг», «Человек читающий» атты циклді телебағдарламалар жүргізді. В. Минаевтың өзі дүниеден өткеннен кейін жұбайы Галина Петровна Минаеваның атсалысуымен  жарық көрген «Страницы жизни» атты  жаңа кітабының тұсаукесеріне  баршаңызды шақырамыз.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.