1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Кәсіпкерлікке баулу – көпке ортақ іс

Фоторепортаж

Біздің заманымыз - іскер, белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы. Елбасы өз Жолдауында халықтың кәсібін ашып жұмыс табуына мемлекет тарапынан қолдауды күшейтуге үлкен мән берген. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 3-қазан күні №12 кітапхана бөлімшесінде

«Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ, «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері: Айдын Қайырбекұлы, Ерсін Кудяров, Рауан Қалиев және Шығыс ауылының кәсіпкерлері және өз кәсібін бастау жайлы ойланып жүрген ауыл азаматтары бас қосты. «Өз ісің - қадам қадаммен» тақырыбы аясында өткен отырыста «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» орталығының негізін қалаушы Кудяров Ерсін бизнес жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, өзіндік табыс табудың жолдары туралы тренинг өткізді. Қатысушылар өз кәсібін ашу бойынша қызықтырған сұрақтарына тұщымды жауаптар алып, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында Рауан Қалиев заң аясында реттелген оралмандардың құқықтары жайлы ақпараттар берді. Іс шараға қатысқандарға сертификаттар табысталды.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.