1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Английский язык

 

Ересектерге және балаларға ағылшын тілін үйрету:
- ағылшын тілін үйренуді  жаңа бастағандар үшін;
- үй тапсырмаларын орындауға көмектесу;
- халықаралық емтиханға дайындық; 
- ҰБТ/магистратураға дайындық.
Ағылшын тілін жыл бойы үйренуден жалықтыңыз ба? Олай болса, бізге келіңіз!
Біздің мекенжайымыз:
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Анықтама телефоны: 25-17-70.
Телефон бойынша жазылу: +7(708)1064381.

Қорларында құжаттарды электрондық...

Біздің кітапханалар қорларында құжаттарды электрондық жеткізу қызметі бар. Сізге қажетті мәліметтің (кітапты, газеттердегі, журналдардағы) көшірмесін жедел түрде жеткізіп беру қызметін ұсынады. Тапсырыс беріңіз, біз қуана орындаймыз! Тапсырыстың орындалу мерзімі 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Үлгісі - PDF (Acrobat). Көшірме электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Орталық қалалық кітапхананың Электрондық қорлар бөлімі. 
Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22.
Телефон бойынша жазылу: 25-17-70.

Одна страна – одна книга


«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы - 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - ақын-демократ, пәлсапашы, әдеби сыншы, публицист, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі.

«РЖЭК» МҚ

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біліми және ғылыми электрондық қорларын біріктірген Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананы 2017 жылдан бастап тегін пайдалануға  мүмкіндік туды.
Жоғары оқу орындары аралық электрондық қорлар сайтынан қалағандарыңызды авторы, тақырыбы, маңызды сөзі, оқу тәртібі және басқа да іздеу белгілері арқылы таба аласыздар. Ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.
Бұл мәліметтер қорын Орталық қалалық кітапхананың және  кітапхана-бөлімшелерінің компьютерлерінде ғана пайдалана аласыздар.

0123


Ауэзову - 120 лет

Фоторепортаж

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары! Бүгін қала кітапханалары сіздер үшін мерекелік шаралар ұйымдастырып, биылғы жылы 120 жылдығын атап өтіп жатқан қазақтың кемеңгер ойшылы, ұлы суреткер, драматург және ғұлама ғалым, абайтанудың алғашқы негізін салған Мұхтар Омарханұлы Әуезов туралы біраз ақпарат берді. Мұхтар Әуезов мағынасы терең шығармаларымен өшпес із қалдырды.

Алты жасында атасы Әуездің үйретуімен Абай өлеңдерін жаттап, оны ұлы ақынның өзіне айтып берген. 20 жасында Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйтқы болды. «Абай», «Таң» журналдары мен «Қазақ тілі» газетін шығарды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеу үшін Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Көптеген пьесалар, повестер мен әңгімелер, монографиялар жазған. Ал, оның «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейдегі үздік шығармалардың бірі. Көптеген көше атаулары, университеттер, Тянь-Шаньның бір шыңы мен Семейдегі кент Әуезов атымен аталады. Осыдан 20 жыл бұрын 1997 жылғы 28 қыркүйекте Өскемендегі Краснооктябрь көшесі  Мұхтар Әуезовтың атын иемденді. Дәл сол күні №17 орта мектепте («Стрелка» ауданы) салтанатты жиын өтті. Орталық кіре берісте мектеп енді Әуезов атында екендігін білдіретін жаңа маңдайша ілінді. Бүгінгі Әуезов даңғылындағы жалпы кітапханалық акцияға қатысқан, автобустардағы викторинаға жауап берген баршаңызға алғыс айтамыз. Әсіресе, мектепішілік сурет көрмесі мен мерекелік шарада концерттік бағдарлама ұйымдастыруда «М.Әуезов атындағы №17 орта мектеп» ұжымы өте белсенділік танытты. Сондай-ақ, біздің акцияға «Евразиялық банк» қызметкерлері де атсалысып, Орталық қалалық кітапханаға тамаша концерт ұйымдастыруға көмектесті.

 

 

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.