1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Гитара және лютнямен (шекті аспап) ән шырқағанда...

2015-жылдың 20-желтоқсанында сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22) Ольга Качанова және Вадим Козловтың  шеберлік  сыныбы өткізіліп, бард  әндері орындалады.

Тақырыбы: Ән орындаушылар мен мәтін жазушылардың шығармашылық үрдістерін жандандыру және олардың өзекті мәселелері».
Ән кешінде өнер көрсететін  дарындар  туралы  айтар  болсақ, Ольга Качанова – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Бірінші Бүкілодақтық байқаудың және Грушинский фестивалінің, Минск, Алматыда өткен авторлық  әндер  байқауының жеңімпазы. 2001-жылы Қазақстан – ОРТ» телеарналары арқылы «Ольга Качанованың жобасы» деген  атаумен  әншінің шығармашылығы дүйім жұртқа кеңінен танылды. Түркия мен Италияда  өткен  бард  әншілердің  бүкіләлемдік  слеттерінде Ольга Качанованың әндері  тек  үздіктер қатарынан көрінді. Бард әнші – Санкт-Петербург, Астана, Алматы, Грушинский фестивальдері  қазылар алқасының мүшесі.  «Утренние женщины» және «Стрелочник» фильмдеріндегі  әндері  ең танымал авторлық  әндер  тізіміне енді. 2007-жылғы «АиФ»  нұсқасы бойынша О. Качанова мен  В. Козловтың «След одиночек» деп аталған  дискілері Қазақстандағы «жыл альбомы» болып танылды. 
Вадим Козлов – автор, сазгер, Ольга Качанованың  сүйемелдеушісі  және көркемдеушісі. Таллиндегі  Бүкілодақтың  2-фестивальдің  жеңімпазы.  1988-жылғы  Грушинский  фестивалі қазылар алқасының, және Петербург  аккордының мүшесі. 
Мән-мағынаға  толы бард  әндерін және  әншілердің  қызықты  әңгімелерін  тыңдап, рухани демалғыларыңыз   келсе, ән кешіне келіңіздер!
Біздің  мекенжайымыз:  Өскемен қаласы, Е. П. Славский  атындағы  Ертіс жағалауы көшесі, 22.
Орталық қалалық кітапхана. 
Анықтама телефонымыз:  25-03-64.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.