1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«АНАМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!!»

«АНАМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!!»

Өскемен қаласы әкімдігінің №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы КҚМК тәрбиешісі Жанат Ермекгүл

«Ботақан» екінші  кіші тобы балаларымен бірге өткізілген мерекелік ертеңгілік

Кейіпкер: Сайқымазақ

Мақсаты: Мерекелік көңіл-күйін туғызу. Анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту. Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру. Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: 8-наурыз  мерекелік ертеңгілік сценарийін құру жне бекіту. Тақпақтарды, өлеңдерді алдын-ала жаттатқызу, киімдерін даярлау, кейіпкерлермен жұмыс жасау. Залды мерекеге сай безендіру.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді

Жүргізуші:

- қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын, бүгінгі «Аналар асыл қазынам!» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Олай болса кезекте балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Ән: «Әжем менің айдай»

Жүргізуші:

- біздің балалар өте өнерлі, енді балаларымыздың аналарымызға арнап жаттаған тақпақтарына кезек берейік.

Ералы:

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай.

Құстар сайрап, бақтар жайнап,

Гүл атты.

Айша:

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Маған кампит береді.

Рахымжан:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Абай:

Қандай бала болмайық,

Анамызға балдаймыз, \

Көтерейікші көңілін,

Ән салайық бәріміз.

Роман:

Көктем, көктем көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып біз қаламыз,

Ән мен шашу шашамыз.

Әсемжан:

Әжем менің ақ әжем,

Балдай тәтті, бал әжем.

Ертегі айтып береді,

Маған тәтті береді.

Айсұлтан:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші:

- жарайсыңдар балалар. Біздің балалар өте өнерлі енді кішкентай қыздарымыздың әдемі биіне кезек берейік.

Би: «Гүлдер»қыздар

Музыка әуенімен Сайқымазақ кіреді

Сайқымазақ:

- сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!  Аяулы аналар мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші:

- сәлеметсің бе, сайқымазақ!

Сайқымазақ:

- менің атым Тили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!

Сайқымазақ балалардың қолынан ұстап амандасады.

Сайқымазақ:

- мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.

Сайқымазақ балаларға өнерін көрсетеді. Бәрі күледі.

Жүргізуші:

- балалар сенің өнеріңді көріп көңілдері бір көтеріліп қалды. Енді әнші балапандардың әніне кезек берейік.

Ән: «Қошақаным»

Сайқымазақ:

- жарайсыңдар балалар.

Жүргізуші:

- біздің балалар өте өнерлі. Енді балаларымыздың орыс, ағылшын тілі тақпақтарына кезек берейік.

Ералы:

My dear  dear mommy

I love you so much

I want you happy

On the eight of March

Алдияр:

That is your mother

I agree she is fine

You love your mother

And I love mine

Нурасыл:

Мама –солнышко, цветочек.

Мама-воздуха глоточек.

Мама – радость,  мама- смех.

Наши мамы лучше всех.

Перизат:

Встану утром рано

Поцелую маму

Подарю цветов букет

Лучше мамы в мире нет.

Сайқымазақ:

- қандай өнерлі балалар. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын:«Мені қайтала!»

Сайқымазақ:

- ал мен әнді жақсы айтамын, маған  микрофон беріңіз, моэстро музыку.

Музыка  ойнайды, сайқымазақ  ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары ән айтады.

Жүргізуші:

- Тили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа.  Біздің тобымызда әнші балаларымыз бар. Сол балаларымыздың өнерін тамашалайық..

Ән:«Айналайын анашым!»

Сайқымазақ:

- жарайсыңдар балалар!! Бұндай өнерлі балаларға неге сыйлық бермеске. Қәне мен мына тұрған сандықшамды сыйқырлап жіберейін.

Жүргізуші:

- сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.

Сайқымазақ:

- сиқырлап сандықшаны ашса ішіннен гүл шығады.

Балалар:

- фокус, мокус. Балалар сандықты үрлейді.

Қораптың аузы ашылып, ішінен сыйлықтар шығады.

Сайқымазақ:

- ал, балалар сау болыңдар!! Мерекені жақсы тойлаңдар.

Жүргізуші:

- осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.