1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Ұлы даланың жеті қыры»

Фоторепортаж
«Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» - деп «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Елбасы айтқандай әрқайсысымыз айтылған әрбір сөздің байыбына барып, саралап оның іске асуына атсалысуымыз керек. Осы мақсатта 2018 жылдың 27 қарашасы күні сағат 15-00-де орталық қалалық кітапханада «НұрОтан» партиясының мүшелігіндегі ОКЖ кітапханашылары Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады. Нұротандықтардың басқосуына қонақ ретінде Өскемен қаласының құрметті азаматы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары Майраш Шайзадақызы Екібасова және Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаппай спортты дамыту бойынша орталық» КММ директоры Владимир Ильич Родчев қатысып мақала туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткен шарада «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасарының атынан өз қызметінде, елінің өркендеуіне қосқан үлесі және «Нұр Отан» партиясының жобаларын іске асуына белсенділік танытқаны үшін кітапханашылар Ж.Жиенбекова, Г.Абылғазинова, Ш.Нұрғалиева, Г. Асташева, А. Байгулинова алғыс хатпен марапатталды. Шара соңында қатысушылар ОКЖ кітапханаларында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында болашақта атқарылатын жұмыстарының жоспарымен бөлісті.

 

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.