1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Ұлы даланың жеті қыры»

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлт үшін рухани жаңғырудың келесі баспалдағы, айқын да, анық жолы. Жетелі жұртқа ұлттық құндылық пен мәдениеттің нақты жеті қырын танытып, қастерлеуді және қадірлеуді ұсынды. Ұлы даланы қорғап қалған «Атқа міну мәдениеті», ежелгі өндірістегі өзіміздің дара жолымыз «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», шеберліктің шыңы «Аң стилі», ғылымға сенсациялық сүрлеу салған «Алтын адам», түп тамырымыз «Түркі әлемінің бесігі», ұлы даламыздағы «Ұлы Жібек жолы», ұланғайыр даламыз «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» қатарлы қазақ мәдениеті мен құндылығының жеті қырын атап көрсетті. Барымызды бағалап, жоғымызды түгендеу бізге парыз.
Бүкіл қазақстандықтарға Елбасы мақаласының екінші тарауында тарихи сананы жаңғырту міндеті жүктелген. «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», түп тамырымызды түгендеу үшін «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» қатарлы нақты қадамдарды атап көрсеткен. Аталған істерді атқару бүкіл қазақтың міндеті деп білеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - дейді бабалар. Жұдырықтай жұмылсақ жеті қырымызды танып, жетістікке жете аламыз.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.