1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Кино және уакыт» кітабының тұсаукесері

Фоторепортаж
23 қарашада сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (E.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы,22) Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында филология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақ КСР-нің халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру құрметті қызметкері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің құрметті профессоры - В.Ф. Минаевтың «Кино және уақыт» кітабының тұсаукесері өтеді. В.Ф..Минаевтың көзі тірісінде жинақтаған мәлімет, мақалаларын топтастырып кітап етіп жарыққа шығауына себепші болған, әйелі Галина Петровна Минаева және кітаптың құрастырушысы И.А. Григорьев.
Владимир Филиппович - 90 басылымның авторы. «Университеттің дамуындағы еңбегі үшін» төс белгісімен және «Университет мақтанышы» құрметті атағымен марапатталған. В.Ф. Минаевтың ғылыми қызығушылықтары АҚШ-тың әлемдік мәдениет, әдебиет және кинематография саласында болды, ал 1998 жылы ШҚМУ-да «Журналистика» мамандығы ашылғаннан бері қайтадан теледидар теориясы мен әдістемесі саласында қызмет етті.
Жарты ғасыр бойы тұрақты киношолушы ретінде Владимир Филиппович облыстық эфирде өнерді насихаттау бойынша: «Беседы о киноискусстве», «На киноорбите», «Кино и время», «Камертон», «Воскресный объектив», «Видеокомпас», «В мире кино и книг», «Человек читающий» циклдарынан тұратын телебағдарламаларда талмай қызмет етті.
Құрметті қауым, сіздерді В.Ф.Минаевтың «Кино және уақыт» кітабымен танысуға шақырамыз.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.