1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


Открытие Coworking-центра в Центральной городской библиотеке

Фоторепортаж
2018 жылдың 9 шілдесі күні Орталық қалалық кітапханада (Е. Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) кітапханалық коворкинг орталығының ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына қатысқан құрметті қонақтар: Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Унжакова И. С., Өскемен қаласы әкімінің м. а. Булавкина О. А., «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Екібасова М. Ш.,

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ әкімшілігі мен қызметкерлері, бизнесмендер, мәдениет қызметкерлері және студенттер. Орталық қалалық кітапханадағы кең жарық бөлмеде орналасқан кітапханалық коворкинг орталығы заман талабына сай, ыңғайлы барлық қажеттіліктермен жабдықталған, креслолар, үстелдер, көптеген жұмыс орындары, бірлескен және жеке жұмыс жасау алаңдары, тегін Wi-Fi, жоғары жылдамдықты интернет, принтерлер мен сканерлер көпшіліктің ыңғайлы жұмыс істеуіне арналған. Сонымен қатар, кітапхана пайдаланушыларға маңызды ақпараттық қолдау көрсетуге дайын, себебі коворкинг орталығын құру үшін «білім ошағы» болып табылатын кітапханадан тиімді орын жоқ. Өйткені, кітапхана – киелі шаңырақ, білім мен руханияттың орталығы. Интернеттегі ақпарат әрдайым сенімді, дәйекті бола бермейді, және кез келген жаңа технология кәсіби кітапханашыны толығымен алмастыра алмайды. Мұнда жастар өздеріне қажетті жұмыстарымен емін-еркін айналысып, семинар, конференция, іскерлік кездесулер мен өзге де қажетті шараларды өткізе алады. Коворкинг орталығына оқырман билетімен кіре аласыздар. Ал кез келген адамның біздің кітапханамыздың оқырманы болуға мүмкіндігі бар. Ендеше, іске сәт, баршаңызды кітапханадағы коворкинг орталығында күтеміз!

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.