1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Меморандум

Білім тарату орталықтарын құру жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру аясында 2018 жылдың 27 маусымы күні «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Отан» жастар қанаты филиалы мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өзара ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында атқарылатын жұмыстардың негізі бағыты «Digital Talks» пікір алмасу алаңы, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны, «Жеті Жарғы» шешендік өнер курсы, «Кітапханадағы түн» акциясы және тағы басқа жастар арасында сұранысқа ие заманауи іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. 4 шілде күні Өскемен жастарының басын қосып, алғаш рет өтпекші «Digital Talks» пікір алмасу алаңында жас бизнесмен, лидер, көшбасшы Жадыгер Бекарыс өз тәжірибесімен және жетістіктерімен бөлісетіндігін естеріңізге сала кеткіміз келеді. Жастар арасында өтетін осындай жаңа форматтағы жұмыс түрлері қатысушылардың белсенді қарым-қатынасына бағытталып қана қоймай, жаңаша ойлайтын, дарынды жастардың алдыға жылжуына әсерін тигізеді.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.