1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Астана - ұлы дала елордасы!» фотокөрмесі

Фоторепортаж
Астана қаласы - Қазақстан Республикасының бас қаласы. Бүгінгі күнге дейін қазақ елінің астанасы атауын төрт рет ауыстырыпты: Ақмола, Целиноград, Ақмола, Астана. Ол бүгінгі күні миллиондаған халқы бар, елдің ірі мәдени және өндірістік орталығына айналған заманауи қала. Астана - әлемдегі ең жас, бірақ қарқынды дамып жатқан қалалардың бірі. Ол 1830 жылы шекара бекінісі ретінде пайда болған.

1998 жылы тәуелсіз Қазақстанның астанасы Алматыдан осында көшірілді, содан бері Астананың негізгі даму кезеңі басталды - қаланың тұрғындары белсенді түрде өсіп келеді, сондықтан тұрғындарға үнемі жаңа, жайлы пәтер қажет. Қала құрылысы қарқынды жүріп жатыр, жаңа заманауи көп қабатты блоктар пайда болып, жаңа бизнес орталықтары салынуда. Астанадағы жаңа ғимараттардың ішінен «ғарыш» стилінде жоғары технологиямен салынған «Москва-Парк» бизнес орталығын атап өтуге болады. Астана қаласында орналасқан «Транспорт Тауэр» әкімшілік ғимараты Қазақстанның ең биік 10 ғимаратының қатарына жатады. Бүгінгі Астана - көпұлтты қала, онда халықтың көбісі қазақтар, орыстар, азербайжандар, өзбектер, немістер, украиндар, татарлар мен еврейлер болып табылады. Қала халқы қазірдің өзінде бір миллион адамды құрайды. Сіздерді Орталық қалалық кітапханада Астананың 20 жылдығына арналып ұйымдастырылған фотокөрмеге шақырамыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы – Астананың көрікті жерлеріне бірге саяхат жасайық! Мекен-жайымыз: Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.